Тымақ ұру - Сбивание тымака - Knocking down tymak
*** Тымақ ұру – қазақтың ұлттық ойыны, оған ат үстінде отыра алатын кез келген жігіт қатыса алады. Ойын жазық кең алаңда ойналады. Ойын шартына сәйкес, жерге биіктігі салт аттының қолының деңгейінен аспайтын құрық қадалады. Оның басына тымақ, не малақайды іліп қояды. Салт атты ойыншыға таяқтың басында ілулі тұрған тымақты (не малақайды) көрсетеді де, орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлайды. Сонан соң оны атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатады да, бірер айналдырып: «Тымақты ұрып көр!», - деген сөздермен басын тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған салт атты қолындағы қамшысымен тымақты ұрып жерге тырысады. Тымақты үш әрекеттен кейін ұрып түсіре алмағандар жүргізушінің рұқсатымен айып ретінде ән, тақпақ орындап, ойынға қайта қатыса алады. Тымақты бірінші болып ұрып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады. |
*** Сбивание тымака (головного убора) – это казахская национальная игра, принять участие в которой может каждый, умеющий держаться в седле и имеющий лошадь. В эту игру играют на равнинной местности. Согласно условий игры, в землю вбивается шест, высота которого не превышает рост наездника. На верхушку шеста одевается головной убор – тымак. Наезднику показывают глаза, раскручивают, а затем отпускают со словами: «Попробуй сбей тымак!». Наездник пытается сбить тымак камчой. В случае, если игрок не сбил тымак с трех попыток, он может, по разрешению ведущего, исполнить песню или прочитать стихотворение, что дает ему право вновь принять участие в состязании. У кого быстрее всех, то есть с меньшего количества попыток, получится сбить тымак – тот и победитель. |
*** Knocking down tymak (headdress) is a Kazakh national game. Anyone can take part as long as they have a horse and can ride it well. The game is played on a flat area. A pole is hammered into the ground at a height of about eight feet. A headdress – tymak – is placed at the top of the pole. One player comes out to the middle and is given an opportunity to see where the tymak is located, after which, the player is blindfolded and put on a horse. The other players all urge him to knock down the tymak. The blindfolded rider takes his whip and tries to knock down the tymak. If a rider fails to knock down the tymak after the third attempt, he is fined by being asked to sing a song or read a poem, after which he is given another chance to participate. The winner is the one who knocks down in the fewest attempts. |