13.АҚЫЛЖЫҚ, АҚМАҚТЫҚ - УМ, ГЛУПОСТЬ
Адам ақылымен бай, Жер дақылымен бай |
Человек богат умом, Земля богата зерном |
Ақыл арымас, алтын шірімес |
Не ржавеет злато, как и ума палата |
Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді |
Кому непонятен намёк, тому ничего невдомёк |
Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді |
Неопытный волк пугает овец, глупостью своею кичится глупец |
Шаш ал десе бас алар |
Попросишь волосы остричь, отрежет голову |
Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады |
Плохой охотник ходит трижды туда, где подстрелил он когда-то козла |
Ақылсыз жігіт — ауыздықсыз ат |
Глупый джигит, что конь без узды |
Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады |
Глупец пересказывает, что ел, что пил, умный рассказывает, что видел, как жил |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
У умного учись, глупого сторонись |
Есекке ерген күлге аунар |
Кто плетётся за ослом – обваляется в золе |
Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық |
От кривого древа и тень кривая |
Адамға ақыл көптік қылмайды |
Ума в избытке не бывает |
Бір кемпірді бір кемпір әже дейді |
Старуха бабушку бабусей зовёт |
Ақылдыға жан қымбат, Ақылсызға мал қымбат |
Умному важна душа, глупому – поиск барыша |
Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы |
Умный и собой ладен, и речами складен |
Ақылды жігіт атқа да отырар, Таққа да отырар |
Мудрого красит и седло коня, и трон царя |
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер. |
Мудрец в речах осторожен, глупец - пустопорожен |
Жақсының қасиеті — жарастыру, Жаманның касиеті таластыру |
Мудрец всегда разрешает спор, дуботряс же всегда сеет раздор |
Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш түсер |
В башке мозгов немного - навалена тяжесть на ноги |
Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады |
Поднимешься на косогор – раскинется взор, со знатоком затеешь спор - расширится кругозор |
Жаманды іске шақырма, асқа шақыр |
Не бери долболома на дело, позови обедать |
Жаман теке сүзіскек, Жаман жігіт ұрысқақ |
Козел-дурачина бодлив, джигит-дурачок драчлив |
Сөздің ақыры — адамның ақылы |
Последнее слово звучит толково |