9.ТӘРБИЕ, ҮЛГІ, ӨНЕГЕ - ВОСПИТАНИЕ, ПРИМЕР, ПОДРАЖАНИЕ

 

Ұлы жол

үйіңнің табалдырығынан басталады

 

Дальняя дорога

начинается с порога

 

Қызым, саған айтам,

Келінім сен тыңда

 

Дочка, я тебе толкую,

а, сноха, и ты внимай

 

Сынықтан өзгенің бәрі жұғады

 

Всё заразно кроме травмы

 

Төрбиелі адам —

тағалы атпен тең

 

Воспитанный человек,

как подкованный конь

 

Сиыр су ішсе,

бұзау мұз жалайды

 

Когда корова воду пьёт, 

лижет телёнок лёд.

 

Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды

 

Крылья сокольи крепнут в полёте

 

Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.

 

Сын растет, - соседствуй с достойным,

дочь растёт – дружи с пристойным

 

Әкесі қой баға білмегеннің,

Баласы қозы баға білмейді

 

Если не знает отец, как пасти овец,

то сын не сможет пасти ягнят

 

Сақтықты соқырдан үйрен,

Кішілікті қойдан үйрен

 

У слепца учись осторожности,

у овцы  - смиренности

 

Ағасына қарай інісі,

Апасына қарай сіңілісі

 

Младший брат на старшего равняется,

младшая сестра стать старшей старается

 

Бабасы еккенді, баласы орады

 

Посеянное предками пожинают потомки

 

Апасының киген тонын сіңілісі де киеді

 

Шубу старшей сестры

донашивает младшая

 

Үлкенді сен сыйласаң,

кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа,

кісі сені сыйлайды

 

Если старших уважаешь –

тебя младшие полюбят,

коли младших уважаешь –

то полюбят тебя люди

 

Кеме келсе,

қайық судан шығады

Коль корабль приплывёт,

лодка из воды уйдёт