3.ӘЙЕЛ, ҚЫЗ - ЖЕНЩИНА, ДЕВУШКА

 

Ән сазымен,                                   

Қыз назымен. 

Песня в напеве,

кокетство в деве.                         

Гүл өссе - жердің көркі,

Қыз өссе - елдің көркі.

Созревший цветок – краса природы,

созревшая дева – краса народа

Қыз - өріс, ұл – қоныс.

Дочь – угодье, сын же – стан

 

Артында қызы бардың

ізі бар                  

 

Породил, коль дочь на свет,

знать, оставил в жизни след.

 

Әйел ашуланса, күші екі көзіне жетеді.               

Женщина в гневе

мощнее молнии в небе.

Әйелдің күші аз,

айласы көп      

 

У женщины мало сил,

но много уловок.

 

Әйел жерден шыққан емес,

ел баласы,

Ер кісі көктен түскен емес,

әйел баласы.  

 

Женщина  не плод земли, -

её породил  народ,

мужчина не дар небесный,

он – женщины плод.    

 

Әйел көркі ақылда

В мыслях женщины краса

 

Жалқау қатынның төсегі

Тал түске дейін жиналмас       

Постель ленивой женщины

не убирается до полудня.       

Білімді әйел басыңа қарайды,

Білімсіз әйел жасыңа қарайды.

Просвещённой нужна твоя  голова,

невежественную волнуют твои года     

 

Салақ қатынның үйінен            

Сабақты ине табылмас.            

Не найти иглу с продетой нитью

в доме женщины-неряхи

Сұлу сұлу емес,

сүйген сұлу.     

Не та красива, что красавица,

красива та, что нравится          

Келін жақсы болса,                     

Үйіне көп кісі келеді.  

Келін жаман болса,                    

Келген кісі кеткісі келеді.         

Если невестка приветлива –

дом полон гостей.

Если она противна заведомо –

гости спешат уйти побыстрей

 

Ағайын тату болса ат көп,       

Абысын тату болса ас көп.      

Согласие братьев множит лошадей,

согласие невесток полнится снедью

 

Әйел жомарттық қылғанда,   

Еркек сарандық қылғаны - өлім.

Там, где женщина проявляет щедрость,

а мужчина – скупость, - там смерть

 

Әйел сырын елден сұра.         

Тайну женщины выпытай у окружающих.

 

Әйелдің ақылы көркінде,        

Еркектің көркі ақылында.        

Женщины ум в облике,

облик мужчины в уме