Балаларға арналған тақпақтар/Стишки для детей № 1 басылым, выпуск № 1 автор Райхан Алдабергенова
Бала бақшасы Балалар бақшасына Ертеңгісін барамын. Құрдастар арасында Кешке дейін боламын.
Мейірімді апайымыз Бізбен бірге ойнайды. Ойын-күлкі тойымыз Күні бойы тынбайды.
Ойын күлкіден былай Сабағымыз бар біздің. Әрібін білем талай Ана мен басқа тілдің.
Тағы бір сабақ - есеп, Санаймыз ептеп-септеп. Үш пен екіні қосса Бес болады екен деп.
Сосын сурет саламыз, Гүл, аспан, кеме, теңіз. Біз кішкентай баламыз, Бізге: «Жарайсың!» - деңіз.
Сабағымыз біткен соң, Тамағымыз тойған соң Түскі ұйқыға жатамыз, Жақсылап дем аламыз.
Ұйқыдан тұра салып, Бесіндік ас жеп алып, Әткеншекті тебеміз, Ойын алаңға шығып.
Кеш те келіп қалады, Апайымыз шаршады. Үйге кетер кез келді, Ойын-күлкі жетеді.
Кім ол тұрған сығалап, Есіктен бізге қарап? Ол менің папам, мамам: «Кеттік үйге, балапан». |
Детский сад В детский сад Я иду ранним утром. Там среди сверстников Я буду до самого вечера
Наша добрая воспитательница Будет играть вместе с нами. Игры, смех и веселье Не умолкают целый день.
Кроме игр и веселья У нас есть еще и уроки. Я уже знаю много букв На родном и других языках
Есть еще один предмет – счет, Считаем понемножку. Если к трем прибавить два, Оказывается, будет пять.
Потом мы будем рисовать Цветы, небо, корабли, море. Мы маленькие дети, Скажите нам: «Вы – молодцы!»
После уроков, После обеда Мы ложимся спать днем И хорошенько отдыхаем
Как только проснемся И съедим свой полдник, Мы катаемся на каруселях, Выбежав на игровую площадку
Вот и вечер наступает, Наша воспитательница устала. Пора идти домой, Хватит играть и веселится.
Кто это заглядывает? Кто стоит у двери и смотрит на нас? Это мои папа и мама: «Пойдем домой, цыпленок» |