Балаларға арналған тақпақтар / Стишки для детей №10 басылым, выпуск №10 автор Райхан Алдабергенова

Мен ғарышкер боламын

Мен ғарышкер боламын,

Жұлдыздарға ұшамын.

Шексіз, жұмбақ ғарышта

Ғаламшарды ашамын.

Зымыранмен әлемді

Түгін қоймай зерттеймін.

Тек анамды, әкемді

Көпке тастап кетпеймін.

Ғарышты кезіп жүріп

Мен оларды сағынсам,

Жыламаймын, тек күліп,

Қайта келіп табысам.

Я стану космонавтом

Я стану космонавтом

И полечу к звездам.

В бескрайней и загадочной вселенной

Я открою планету.

На ракете весь мир

Исследую вдоль и поперек.

Только маму с папой

Надолго не оставлю.

Странствуя в космосе,

Если я соскучусь по ним,

Я не буду плакать, только улыбнусь

И, вернувшись, встречусь с ними