Балаларға арналған тақпақтар/Стишки для детей №12 басылым, выпуск №12 автор Райхан Алдабергенова
Зың-зың-зың да, зың-зың-зың. Кім зыңылдаған? Шыбын. Кетші, шыбын, далаға. Ұйқы берші балаға. *** Алақай! Алақай! Келе жатыр балақай! Кестік ала тұсауын! Құтты болсын қадамың! *** Шу-шу-шу, ашу-ашу, Ашуланған көбік су. Көктем келді, мұз кетті, Үдірейді су беті. *** Аспан ашық, күн шуақ, Бұлттардың түсі аппақ. Жер жайнаған көк майса, Көл беті тынық, байсал. *** Келді қаздар қаңқылдап, Аққу қонды саңқылдап, Құстар ұя салады, Балапанын басады. *** Шеп-шеп-шеп, шұбар тауық, Балалар доп тебеді. Абайла, қауіп, қауіп Балапанға төнеді! *** - Апа, қара, үлкен піл! Салбыраған ұзын тіл. - Тіл емес, балам, тұмсық. - Апашым, ол не сұмдық?
|
Жу-жу-жу да жу-жу-жу. Кто жужжит? Муха. Уходи, муха, на улицу, Не мешай спать малышу *** (Ура! Ура! Малыш идет! Мы обрезали ему пестрые путы! Поздравляем с первым шагом!) *** Шу-шу-шу сердита, сердита, Сердита пенистая вода. Пришла весна, ледоход, Вздыбилась поверхность воды *** Небо ясно, день солнечный, Облака белые-белые, Земля укрылась нежной травкой, Поверхность озера тихая и спокойная). ***
Прилетели гуси, гогоча, Приземлились лебеди, крича. Птицы будут вить гнезда И выводить птенцов. *** (Цып-цып-цып, рябая курица, Дети играют в мяч. Будь осторожна, опасность, опасность Падет на птенцов). *** (Апа, смотри какой большой слон! Висит его длинный язык. Это, балам (сынок, доченька) не язык, а нос. Бабуля, это же ужас!)
|