Балаларға арналған тақпақтар / Стишки для детей №13 басылым, выпуск №13 автор Райхан Алдабергенова
Түндей қара ілбісін. Не іздеп жүр, кім білсін? Күндіз ұйықтап жатады, Түнде жолға шығады.
*** Шырылдайды бозторғай, Оның үйі шоқ тоғай. Көктемді қарсы алады, Қуанып ән салады. *** Ұзын аяқ шегіртке, Секіресің биікке. Бүгіннен дос болайық, Тығылыспақ ойнайық.
*** - Аһ, ұзын мойын аққу, Не деген бейнең сұлу! Су бетінде сырғанап, Салшы әніңді: «Гәкку!»
*** Итім бар, аты Ақтөс, Ол маған ең берік дос. Құйрығы бұлаңдайды, Маған еріп, қалмайды.
*** Мамам сорпа пісірді, Табаққа ет түсірді. Жұқалап қамыр жайды, Оны сорпаға салды. Көкөніс, пияз турап, Дәмді тұздықты жасап, Деді: «Кел, отыр, балам, Бізбен бірге тамақтан».
|
Черная, как ночь, пантера. Кто знает, что она ищет? Днем она спит, А ночью выходит на дорогу ***Звенит жаворонок, Его дом – роща. Он встречает весну И от радости поет свою песенку *** Длинноногий кузнечик, Ты прыгаешь высоко. Давай с сегодняшнего дня дружить. Будем играть в прятки
*** Ах, длинношеий лебедь, До чего же ты красив! Скользи по воде И пой свою песню: «Гакку»!
*** У меня есть собака, ее зовут Актос. Она мой самый верный друг. Она виляет хвостиком И ходит за мной по пятам.
*** Мама сварила бульон, В тарелку положила мясо. Тонко раскатала тесто И опустила его в бульон. Нарезала овощи и лук, Приготовила вкусный подлив И сказала: «Иди, садись, детка, Пообедай с нами»
|