Балаларға арналған тақпақтар/Стишки для детей №2 басылым, выпуск №2 автор Райхан Алдабергенова
Кең дала Орман, орман, ну орман, Талай адам адасқан. Қалың шырша, шытырман, Көптеген жабайы аң .
Сұңғақ бойлы қарағай, Күнге толы шоқ тоғай. Ақ қайың, түрлі ағаш, Ән салады сандуғаш.
Бұтақтың арасында Секеңдеп жүр ақ тиын. Ағаштың табанында Кірпілер құрар жиын.
Аюмен, түлкі, қасқыр Орманды мекендейді. Әр жерде шатыр-шұтыр, Көзге бір көрінбейді.
Есалаң биін билеп Бұжыр-бұжыр сексеуіл Құмды тұр желмен елеп, Ыстық шөлге қарауыл.
Дала тышқан, сұр қоян, Кесіртке, ала шаян, Оқ жыланмен су жылан Ежелден құм таңдаған.
Далада шашылған көл. Табиғаты қандай мол! Аққу, қаздар саңқылдап Келеді бұнда қаптап.
Аспанмен жарысады Қарлы таудың шыңдары. Бұлттан биік ұшады Қара бүркіт қарымды.
Кең және байтақ дала, Көрінісі көп екен. Шамаң келсе арала. Күтіп тұр туған мекен! |
Бескрайняя степь Лес, лес, густая чаща. Сколько людей блуждало здесь? Густой ельник, заросли, А между ними множество диких зверей
Стройные сосны, Наполненная солнцем роща. Белые березы, различные деревья, Поет песни соловей
Между ветвей Скачет белочка. У основания деревьев Ежи устраивают сбор
Медведи, лисы, волки Обитают в лесу. То там, то здесь слышен треск, Но ни один не показывается на глаза.
Танцуя свой сумасшедший танец, Корявый саксаул Стоит, вместе с ветром просеивая песок, Страж жаркой пустыни
Полевые мыши, серые зайцы, Ящерицы, пестрые скорпионы, Гремучие змеи и ужи Издавна облюбовали эти пески.
Разбросанные в степи озера, Какая здесь богатая природа! Гуси-лебеди гогоча Прилетают сюда роем
Соревнуются с небом Вершины снежных гор. Выше облаков летает Могучий черный беркут.
Бескрайняя, необъятная степь, Как разнообразен его ландшафт! Если есть возможность, путешествуй, обойди все места. Тебя ждет Родина! |