Балаларға арналған тақпақтар/Стишки для детей №4 басылым, выпуск №4 автор Райхан Алдабергенова

          Бүркіт

Қара-күрең бүркітім,

Кең қанатыңды жайып,

Аңды әбден үркіттің,

Биікке ұшқан сайын.

 

Үшінші қанат құсап

Жайылады құйрығың.

Елік, түлкіні ұстап,

Қуасың ең жүйрігін.

 

Жалаңаш құз-жартасты,

Қыратты мекендейсің.

Жасаса адам қастық

Жоқ та болып кетерсің.

 

Байтақ қазақ жерінде

Сенің саның көп болса

Неше жүзге жете ме?

Қырамыз ба қалғанша?

 

Көбейе бер бүркітім,

Арттыра бер балапан!

Осы менің үмітім.

Бүркітсіз сұрқай аспан…

Беркут

Мой черно-бурый беркут,

Раскрыв свои широкие крылья,

Ты пугаешь диких зверей,

Как только поднимаешься ввысь.

 

Как третье крыло

Раскрываешь свой хвост.

Поймаешь косулю и лису,

Обгоняя самых быстрых из них

 

Обитаешь на голых скалах

И холмистых возвышенностях.

Если человек будет совершать злодеяние,

Возможно, ты и вовсе исчезнешь.

 

На бескрайней казахской земле

Вас осталось всего-навсего

Около нескольких сотен.

Неужели мы истребим вас до последнего?

 

Расти числом , мой беркут,

Увеличивай количество птенцов!

В этом моя надежда.

Без беркутов небо унылое...