Балаларға арналған тақпақтар / Стишки для детей №5 басылым, выпуск №5 автор Райхан Алдабергенова

Құмды шөл

 

Қапырық, жел, құмды шөл,

Алыста көрінді көл.

Көл емес, қиял, сағым,

Алдамшы елес тағы.

 

Келе жатыр керуен,

Ұзақ, ұзақ серуен.

Шаршады түйе, адам,

Ауыр болды әр қадам.

 

Өте салқын түнгі шөл,

Тәулікті екіге бөл.

Тымырсық күн, ызғар түн,

Естілмейді ешбір үн.

 

Келе жатыр керуен,

Ұзақ болды серуен.

Алыс зарыққан қала,

Алда шексіз кең дала.

Песчаная пустыня

 

Пекло, ветер, песчаная пустыня,

Вдали показалось озеро.

Это не озеро, а видение, мираж,

Опять обман зрения.

 

Идет караван,

Долгое, долгое путешествие.

Устали верблюды, люди,

С трудом дается каждый шаг.

 

Очень прохладна ночью песчаная пустыня,

Делит сутки надвое.

Душный день и стылая ночь,

Не слышно кругом ни звука

 

Идет караван,

Долгим выдалось путешествие.

Далеко до вожделенного города,

Впереди бескрайняя степь