Балаларға арналған тақпақтар/Стишки для детей №7 басылым, выпуск №7 автор Райхан Алдабергенова

Еріншек бала туралы

Бүгін Мақсат ерінді,

Ұйқысы кеп керілді.

Демалыс күндер бойы

Күлкі-ойынға берілді.

 

Ертең дүйсенбі, сабақ.

Беті сатал, қожалақ.

Дәптер мен кітап қайда?

Неге басың сабалақ?

 

Ешкімді тыңдамайды,

Тапсырма жасамайды,

Тіпті бәрін ұмытып,

Кітабын да ашпайды.

 

Тек екіні алады.

Жолда қалды сабағы.

Айтыңдаршы, балалар,

Оған кім дос болады?

Про ленивого мальчика

Сегодня Максат ленится,

Хочет спать, потягивается.

Все выходные дни

Предавался веселью и играм

 

Завтра понедельник, уроки.

Лицо грязное, чумазое.

Где тетради и учебники?

Почему голова лохматая?

 

Никого не слушает,

Уроки не делает,

Забывает обо всем,

Даже книжку не открывает

 

Получает только двойки,

Остались в стороне уроки.

Скажите, ребята,

Кто будет с таким дружить?