Балаларға арналған тақпақтар / Стишки для детей №8 басылым, выпуск №8 автор Райхан Алдабергенова

         Ұршық 

Үйір тынымсыз ұршық.

Жііптің ұшы құйыршық.

Мазасыз бұлаңдайды,

Апама ұстатпайды.

 

Бірақ икемді қолы

Бағындырады оны.

Ырығына көндіріп,

Алады ұшын іліп.

 

Құйыршығы басылып,

Шүйке жүні созылып,

Шұмақ боп оралады,

Біртіндеп томпаяды.

 

Біздің мысық керіліп,

Ойнағысы келеді.

Табанымен тап беріп

Жіпті қағып үзеді.

 

Тиіспе оған, мысық.

Қимылың қандай пысық!

Апам саған ұрсады,

Бұзықтықты жасадың.

 

Сазайыңды береді.

Неге дейсің? Себебі 

Қыстыгүні күн суық,

Апам тоқиды уық.

 

Жаурамасын деп маған,

Осы айтарым саған.

Сүра тездеп кешірім,

Тиді сенің кесірің.

 

Мысығым тұр бүгіліп,

Өз қатесін түсініп:

«Бұзықтық істемеймін,

Енді жіпті үзбеймін».

         Веретено

Пряди неуемное веретено.

Кончик нитки шустрый, подвижный.

Беспокойно виляет,

Не дает бабушке схватить себя

 

Но ее ловкие руки

Заставляют (кончик нитки) слушаться ее.

Подчинив ее своей власти, воле,

Цепляет кончик руками.

 

Угомонившись,

Клок шерсти вытягивается,

Сворачивается в клубок,

Постепенно вздуваясь, становясь выпуклым

 

Наша кошка потянулась всем телом,

Она хочет играть.

Набрасывается и, лапой

Взмахнув, порвала нить.

 

Не трогай его (клубок), кошка,

Как шустро ты двигаешься!

Бабушка тебя будет ругать,

Ты хулиганишь

 

Она тебя накажет.

Знаешь почему? Потому что

Зимние дни холодные,

Свяжет бабушка носки

 

Чтобы я не замерз(ла),

Вот, что я хочу тебе сказать.

Попроси скорей прощения,

Ты ведь навредила

 

Моя кошка стоит, выгибаясь,

Она поняла свою ошибку:

«Больше баловаться не буду,

Нитку теперь рвать не буду».