Ақжүністің бейнесі - образ Ақжунис
(«Ер Тарғын» жырынан алынған үзінді) (Отрывок из эпоса «Ер Таргын»)
Бұқар барсаң, қолаң бар, Қоланды көр де – шашым көр. Зергер барсаң, қасында Алтыннан соққан түйме бар. Түймені көр де – басым көр! Молдаға барсаң, қасында Қиюлы жатқан қалам бар, Қаламды көр де – қасым көр! Имран барсаң, пісте бар, Пістені көр де – мұрным көр. Әр шәһәрге қарасаң, Құрулы тұрған күзгі бар, Күзгіні көр де – көзім көр!\ Самаркқанд барсаң, сандал бар, Сандалды көр де – тісім көр! Ұсталарға барсаң, қасында Тартулы жатқан сымдар бар, Сымды көр де – қолым көр! Тоғайға барсаң, тоғайда Домалаған қоян бар, Қоянды көр де – жоным көр! Қара жерге қар жауар, Қарды көр де – етім көр! Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де – бетім көр! |
В Бухаре найдешь ты бронзу, что под цвет моих волос. Мастер пуговку златую там чеканит, ты её с головой моей сравни. У муллы в руках перо, посмотри и с ним сравни тонкий лук моих бровей, а в Иране есть фисташки, правда, будто носик мой? В каждом граде – виноградник, посмотри, затем сравни со зрачками глаз моих. В Самарканде есть кораллы, как эмаль моих зубов. Посмотри, как мастера тянут проволоку стальную, разве с нею не сравнима гибкость тонких моих рук? А в лесу резвятся зайцы, посмотри на них, - увидишь статный мой и гибкий стан. Белизной снег ослепляет, моя кожа – этот снег, кровь алеет на снегу, словно щёк моих румянец.
|
аударған – Бекет Қарашин перевёл – Бекет Карашин