Фариза "Жалқы мен тобыр" - "Одиночка, и толпа"

«Жұрт неге маған жауықты»

деп өзің босқа кішірме.

Талантты болу қауіпті

талантсыздардың ішінде.

 

Жан жетпегенмен жүйрікке,

ызыңдар зулап соңында оқ.

Сыйламастардан сый күтпе –

кемеңгер – жалқы, тобыр көп.

 

Бір өзі көкке өрлей ме,

кездеспей жолында орсыз жер.

Тобыға мазақ ол кейде,

Өзімізбен бірдей болсын дер.

 

Тумысы бөлек кемеңгер

көсем болуға ұмтылмас.

Қара бас қамын жегендер

Қарекет етуден бір тыңбас.

 

Өтсе де өмірі: алды жар,

тылсым ба маңы, сор ма арты,

халықтың даңқын қалдырар

түбінде әйтеуір сол жалқы.

 

 

Не кори себя напрасно,

что один в кругу друзей.

Даровитым быть опасно

среди сонма бездарей.

 

Самый резвый во деяниях

не спасется от стрельбы.

От толпы не жди признаний,

дар нелеп в глазах толпы.

 

Восходящий на вершины

Не минует пропасти,

Мерить всех одним аршином –

Свойство стадной глупости.

 

Кто же гений от рожденья,

Не стремится стать вождём.

Кто в рабах у вожделений –

Знай, - толпою порождён.

 

Он пройдёт и яр и кочки,

Жижу топкого болота,

Одарённый одиночка

станет гордостью народа.