В.Высоцкий « Я не люблю» / В.Высоцкий «Ұнатпаймын»
Я не люблю фатального исхода, От жизни никогда не устаю. Я не люблю любое время года, Когда веселых песен не пою.
Я не люблю холодного цинизма, В восторженность не верю, и ещё - Когда чужой мои читает письма, Заглядывая мне через плечо.
Я не люблю, когда наполовину, Или когда прервали разговор. Я не люблю, когда стреляют в спину, Я также против выстрелов в упор.
Я ненавижу сплетни в виде версий, Червей сомненья, почестей иглу, Или когда - всё время против шерсти, Или когда - железом по стеклу.
Я не люблю уверенности сытой, Уж лучше пусть откажут тормоза! Досадно мне, что слово «честь» забыто, И что в чести наветы за глаза.
Когда я вижу сломанные крылья - Нет жалости во мне, и неспроста. Я не люблю насилье и бессилье, Вот только жаль распятого Христа.
Я не люблю себя, когда я трушу, Обидно мне, когда невинных бьют, Я не люблю, когда мне лезут в душу, Тем более, когда в нее плюют.
Я не люблю манежи и арены, - На них мильон меняют по рублю. Пусть впереди большие перемены, Я это никогда не полюблю. |
Ұнатпаймын мезгілсіз өлімді мен, Өмірімнен ешқашан түңілмегем, Ұнатпаймын кез-келген күнімді мен, Айта алмасам ән шырқап, көңілді өлең.
Ұнатпаймын арсыздың кекеткенін, Желігіне сенбеймін желөкпенің, Ұнатпаймын жат төніп иығымнан Хаттарыма сұқ көзін жүгірткенін.
Ұнатпаймын тірлікті, болса шала, Біреу бөлсе сөзімді орта жолда, Ұнатпаймын, атылса арқадан оқ, Бетке атылған оқты да жақтағым жоқ.
Жек көремін өсекті «ақпар» десе, Күдік жесе, оқыстан құрметтесе, Теріс тарап барқытты тықырлатып, Темірді алып әйнекке үйкей берсе.
Ұнамайды тоқ көңіл жайбасарлық Тоқтай алмай соқтыққан маған артық! Әттеген-ай «ар» сөзі ұмыт болып, Ғайбат сөздің мерейі барад артып...
Сынық қанат, құм жігер, көрсем егер, Ауырмайды жүрегім, деме бекер- Ұнатпаймын зорлық пен сорлылықты, Тек азабы Исаның өзекті өртер.
Ұнатпаймын өзімді - үрейленсем, Жазықсыздар сабалса, түседі еңсем, Ұнамайды ішіме кіріп алып, Тұнығыма түкіріп кете берсең...
Ұнамайды алаңдар жанталасқан, Бір теңгеге миллион теңге алмасқан, Әлі талай өмірім өзгерсе де, Ұнатпаспын бұларды мен ешқашан. |