АСТРАЛДЫ САЯХАТ / АСТРАЛЬНОЕ ПУТЕШЕСТВИЕ (БЕКЕТ КАРАШИН)

Менің бір танысымның бет пішіні қасқырға қатты ұқсайтын. Оны тіпті бет деп те айту қиын еді, сол себепті оның физиономиясын көргенде үнемі ауызға «қасқыр», «адам-қасқыр», «тұмсық», «құбыжық» деген сөздер ілігетін. Оның көздері жасыл түсті әрі түпсіз терең еді, ылғи да қасқырдың көзіндей жанып тұратын.

 Кішкентай балалар тұрмақ талайды бастан кешкен ересек адамдардың өзі оған қарауға қорқатын. Бірақ осы түрі қорқынышты адамның жан дүниесі мейірімді еді. Содан ба, бүкір, ақсақ болмаса да мен оны өзімше Квазимодо деп атайтынмын.

 

Біз жерлестердің бір отырысында таныстық, содан кейін біраз уақыт аралас-құралас болдық. Көп ұзамай ол көзден таса болды, ал мен басқа қалаға көшіп кеттім. Дегенмен бірнеше жылдан соң мен тұратын қалада қайта кездестік. 

 

Біз бұрынғы қарым-қатынасымызды еске алып, әңгіме-дүкен құру үшін бұл кездесуімізді бір дастарханда атап өткен жөн деп шештік. Бір уақытта ол менен уақыт пен кеңістікке сапар шегуге, басқа бір ғажайып ортаға саяхат жасауға қалай қарайтынымды сұрады.

 

Мен ештеңе түсіне қоймадым, ол болса мені осындай сапарға аттандыра алатынын айтып сендіре бастады. Оған қоса ішіп алған спирттің мөлшері де сақтық сезімін бәсеңдетіп, тәуекелге итергендей. «Кеттік» дедім мен. Ол маған көз алмай тесіле қарады... мен... ұша жөнелдім...

Ұшы-қиыры жоқ, ақшыл-көк түсті шексіз кеңістікке тап болдым. Біресе ұшып келемін, біресе мәз болып қалықтай жөнелем, біресе жеп-жеңіл денеммен салбырап тұрамын. Менің тартылыс күшінен азат, көзге көрінбес денемнен  басқа ешкім де, ешнәрсе де жоқ.

 

Менің ой-санам ол жерде болды ма, болмады ма, оны айта алмаймын, оның есесіне өзімнің сол жерде болғанымды анық сезіндім. Ешқандай үрей, қорқыныш, қолайсыздық жоқ, бәрі де жанға жайлы. 

 

 Мұның қаншаға созылғаны белгісіз, бірақ кәдімгі өмірге қалай қайта оралғанымды білемін. \

 

Мені қасқырдың қулана күлімсіреген жылтыр көздері қарсы алды. Қасқыр-тұмсық «Қайта  оралуыңмен!» - деп сөзбен әлде «телепатиямен» жеткізген сәтте ұққаным, - ол маған эксперимент жасаған болып шықты және тіпті оның сәтті аяқталғанына дән риза. «Егер эксперимент жүргізушіге бірдеңе болса, мен СОНДА қалып қоюым да мүмкін еді ғой», - деп ойладым мен.

«Қорықпа, мен бәрін бақылап отырдым», - меніңше, «адам-қасқыр» мені дәл осы ойға иландырды.

 

Кейін сол «мейірімді қасқыр-адамның» қайда кеткені, қай үйірге қосылғаны маған әлі күнге дейін белгісіз. Жадымда тек осы бір астральды саяхат туралы ерекше естелік қалды.

 

Один мой знакомый лицом был очень похож на волка. Трудно было сказать, что это лицо, поэтому при виде его физиономии всё время напрашивались на уста слова «волк», «чело-волк», «морда», «оборотень». Глаза его были зелёными и бездонными, всегда горели волчьими огоньками.


При взгляде на него пугались не только дети, но и видавшие виды взрослые люди. Но этот страшный на вид человек был добряком в душе. Только по этому признаку я его про себя назвал Квазимодо, хотя он не был горбатым и хромым.


Мы познакомились на какой-то вечеринке землячества, затем недолго пообщались, после чего он пропал из поля зрения, а я переехал в другой город. Но через много лет мы встретились снова, но уже в том городе, где жил я.


Встречу нашу мы решили отметить застольем, чтобы пуститься в воспоминания о нашем прошлом общении. В какой-то момент он спросил, не хочу ли я попутешествовать во времени и пространстве, попасть в необыкновенную среду.

 

Я, конечно же, ничего не понял, а он стал убеждать меня, что может отправить меня в это путешествие. Количество выпитого спиртного не только притупляло осторожность, но и толкало на риск. «Валяй», - согласился я. Он вперил в меня свой взгляд… и я… улетел…


Попал в какое-то необъятное и безграничное пространство голубовато-белого цвета. То ли летал, то ли парил, то ли висел в нём необыкновенно легко и радостно. Не было никого, кроме моего невидимого тела, не отягощённого силой гравитации.

 

Нельзя было сказать, присутствовало там моё самосознание или нет, зато точно можно было сказать о фиксации восприятия своего присутствия. Никакого страха, опаски, дискомфорта, было приятно во всех отношениях.

 

Как долго это длилось, не знаю, но точно было зафиксировано обратное прибытие в обычную жизнь…


Меня встретили огоньки волчьих глаз, в которых улавливалось нечто наподобие хитринок или смешинок. «С возвращением!» - то ли проговорила, то ли «телепатировала» эта морда и я понял, - надо мною был устроен эксперимент, и даже обрадовался тому, что он был удачно завершён.«А ведь я мог остаться ТАМ, если бы с экспериментатором что-то случилось», - подумал я.

«Не бойся, я контролировал процесс», - по-моему, именно так внушал мне эту мысль «чело-волк».


Куда потом делся, к какой стае прибился этот «человечный человолк» мне до сих пор неизвестно. Осталось только яркое воспоминание об этом астральном путешествии.