ЕМТИХАН / ЭКЗАМЕН (БЕКЕТ КАРАШИН)

                             

(ойдан шығарылмаған әңгіме) 

 Бұл оқиғалардың менен басқа куәгері жоқ, осы жазбалардан басқа дәлел де жоқ. Сондықтан оқырмандар оны қиялдан туған әңгіме немесе автордың фантазиясы деп қабылдауы мүмкін, сол себепті мұның бәрі шын болған оқиға екенін және мүлде өтірік еместігін айтып қояйын.

 Жас кезімде мен политехникалық институтқа оқуға түспек болдым. Математикадан жазбаша емтихан тапсырған соң «қара тізімге» қарасам, менің аты-жөнім жоқ екен. Бұл менің сынақты жақсы тапсырғаным  және енді сол математикадан ауызша емтиханға дайындалуыма болады деген сөз еді.

 

Дайындық басталды. Ұйқысыз түндер, формулалар мен теоремаларды, оларды дәлелдеу жолдарын бас алмай жаттау, тағысын-тағы...

Емтихан тапсырар алдындағы түнде мен түс көрдім. Түсімде... сынақ билеті мен оның үш сұрағы қолымда тұр! Ояна салысымен қобалжыған көңілмен сол сұрақтарды тауып, оқулықтан жауабын іздеуге кірістім.

 

Әйтеуір бір белгісіз күш мені сол билеттердегінің бәрін қайта-қайта оқып, есте сақтауыма итермеледі. Бір ғажабы, мұның бәрі емтиханға бір сағат қалғанда болып жатты. Менің бойымды бір сенімділік билеп, емтиханда дәл осы бір жапырақ қағазды алатынымды сездім.

 

Қорқынышпен қоса қобалжу меңдеген абитуриенттер емтихан өтетін аудиторияға кіруге батылдары жетпей тұрып қалғанда мен киіп-жарып алдыға ұмтылдым. Құдды бір мені сынақ емес, марапат күтіп тұрғандай еді.

 

Ең ғажабы, үстелде жаюлы жатқан қағаздардың арасынан маған сол түсімде жоғарыдан жіберілген билеттің шыға келгені!

 

Әлбетте, мен аңырып, сасқалақтап тұрып қалдым. Бұл түсім емес пе?! Мұндай болуы мүмкін бе?! Не істеу керек?!

 

Мелшиіп қалған менің есімді емтихан алушылардың бірі жиғызды, ол партаға отырып, сұрақтың жауабына дайындалуымды әдеппен ескертті. Біртүрлі шәлкес қызбалық бойымды билеген мен болсам оған дайындалмай-ақ жауап беретінімді айттым.

 

Емтихан комиссиясының мүшелері құдды алдарында мен емес, әлдебір данышпан, не болмаса есерсоқ әлде жанкешті тұрғандай бәрі тегіс аңыра қарап қалды.

 

Олардың бірі алғашқы лекпен кіргендердің барлығы билеттерін алып дайындалуға отырғанша сәл күте тұруымды өтінді. Ал мен түрегелген күйімде басқалардың менің жеңіс салтанатыма жол ашуын күтіп тұрдым.

 

Барлық үш билеттің сұрағына мүдірместен жауап беріп, әрбір теореманы дәлелдеудің ықтимал тәсілдерінің бәрін бірінен соң бірін келтіре жөнелдім. Емтихан алушыларды таңғалдырған мен олардың жүзінде зәредей күмән қалдырмастан, өзімнің емтиханға сақадай сай дайындығымды паш еттім.

 

 Комиссияның үш мүшесі де маған жоғары баға қойды, бірақ бұл мені аса қуанта қоймады, өйткені түсімде берілген тылсым аянның әсері басқа сезімдерімді тұмшалап тастаған еді.

 

Шынымен де ғажап емес пе? Қырық жыл бұрын болған сол оқиға анық қалпында әлі күнге дейін көз алдымда, бір де бір сәтін ұмытар емеспін.

 

Мұндай сәуегейлікке толы түс ондаған жыл өткен соң тағы да қайталанды, бірақ бұл енді бөлек хикая...

(не выдуманный рассказ)

Нет свидетелей этого случая, кроме меня самого, нет свидетельств, кроме этих строк. Так как читатели могут воспринять его как вымысел или фантазию автора, сразу хотел бы оговориться и признаться, что всё это было, и я тут не вру.

 

В юности я поступал в политехнический институт. Сдал письменный экзамен по математике, в «чёрном списке» моей фамилии не оказалось, а это означало, что я сдал его удачно и могу готовиться к устному испытанию по той же математике.

 

Стал готовиться. Бессонные ночи, штудирование формул, теорем, способов их доказательств…

 

В ночь перед датой экзамена мне приснился сон. А во сне… увидел билет и все три его вопроса! Проснулся, волнуясь, нашёл эти вопросы, а также ответы на них в учебниках.

 

 

Какая-то сила заставила меня несколько раз перечитать и запомнить всё, что касалось этого билета. Причём буквально за час до экзамена. Во мне сидела какая-то уверенность, что именно этот клочок бумаги я и вытащу на экзамене.

 

Тогда как охваченные страхом и волнением абитуриенты не решались войти в экзаменационную аудиторию, я туда ринулся первым, словно там ждало не испытание, а награда.

 

К своему необыкновенному удивлению я вынул из веера разложенных на столе билетов именно тот, который был предназначен мне свыше!

 

Разумеется, был ошарашен и шокирован этим. Неужели это не сон?! Такого не бывает! Что делать-то?!

 

Из оцепенения меня вывел один из экзаменаторов, вежливо предложивший сесть за парту и подготовиться к ответу. Я же охваченный каким-то сумасбродным возбуждением и азартом сказал ему, что готов к ответам по билету без подготовки.

 

Члены экзаменационной комиссии, все без исключения, посмотрели на меня взглядами, в которых была смесь восприятия моей личности в качестве гения,  сумасшедшего и самоубийцы.

 

Один из них попросил подождать немного, пока вся первая партия не возьмёт себе билеты и не начнёт готовиться. А я продолжал стоять и ждать, пока остальные наконец-то освободят дорогу моему триумфу.

 

 Без единой запинки я раскрыл все три вопроса билета, привёл всевозможные способы доказательств той или иной теоремы. Конечно же, удивил при этом экзаменаторов, не оставив и тени сомнения на их лицах в уровне своей подготовленности.

 

Все три члена комиссии выставили мне высшие оценки, чему я даже не обрадовался, так как все другие эмоции и чувства были подавлены удивлением от сновидения и провидения во сне.

 

Удивительно? Мне лично до того удивительно, что не могу забыть остроту и яркость этого события до сих пор, хотя оно случилось более сорока лет тому назад.

Подобное ясновидение повторилось намного позже чрез десятки лет, но это, как говорится, уже другая история.