ТҮНГІ ҚОҢЫРАУ / НОЧНОЙ ЗВОНОК (БЕКЕТ КАРАШИН)

                                                                    

(ойдан шығарылмаған әңгіме) 

Бұл оқиғаның менен менен басқа куәгері жоқ, осы жазбалардан басқа дәлел де жоқ. Бірақ тағы да қиял немесе фантазия емес, шынайы шындықты айтып отырғанымды растаймын.

 

Менің бір ескі досым болды. Біз онымен жүздеспегенімізге он бес жылдай, телефонмен тілдеспегенімізге он жылға тақаған. Ол басқа қалада тұратын, қашықтық пен қарым-қатынастың үзілуі де арамызды алшақтатқаны анық.

 

Бірде мен жарым түнде мазасыз үрей мен  қорқыныш сезімінен шошып ояндым. Бір нәрсе (әлде бір адам?) сол досыма қоңырау шалуға қасарыса итермелегендей болды.

 

Қалааралық нөмірді тере салысымен досымның жұбайы бірден тұтқаны көтерді. Сәлемімді алған ол еңірей жылап, жауап берудің орнына тұтыға бірдеңелерді айтты.

 

 Әрең дегенде өзіне келген әйел менің қай жақтан қоңырау шалып тұрғанымды, оның күйеуінің қайтыс болғанын қалай білгенімді сұрады. Мен абыржып қалдым. Тек бұл қайғылы жағдайдың қашан болғанын сұрап үлгердім.

 

Сөйтсем, оның жүрегі бес минут бұрын тоқтаған екен. Өз құлағыма өзім сенбеген мен мұның өңім әлде түсім екеніне күмәнданып, қалжыңдап тұрған болар деген оймен дөрекі болса да қайта сұрадым. Әйел енді одан әрі бақырып жылауға басты.

 

Бұның бәрі өңім екенін, бұдан әрі әйелге сұрақ қоюдың бекер екенін сезген мен оны сабырға шақырып, кейінірек хабарласуға уәде беріп тұтқаны қойдым. 

 

Қайғылы оқиға болған жерден мыңдаған шақырым қашықта отырып, сол досым тұратын қаладағы ортақ таныстарымызға қоңырау шалуға кірістім.

 

Мені сол досымның үйінен хабарласып тұр деген сенімде болған олар ұйқылы-ояу күйде бұл қалай және қашан болғанын, менің қашан келгенімді қайта-қайта сұрай берді.

 

Біздің досымыз мәңгілік ұйқыға кеткенде қатты ұйқтап жатқан олардың бұл сұрақтарына жауап берудің мәні де  жоқ еді.

 

Сөйтіп мен қыруар жанды оятып, біреулерін марқұмның үйіне жібердім. Сол жақтан олар маған қоңырау шалып, досымыздың соңғы сәттері туралы түкке керексіз деректерді хабарлап жатты.

 

 Ал мен болсам, әлі де транстан шықпаған күйімде өмірдің баянсыздығы мен сәуегейлік құбылысы жайында терең ойға шомып қала бердім.

 

           (не выдуманный рассказ)

Нет свидетелей и у этой истории, кроме меня самого, нет свидетельств, кроме этих строк. Но опять же утверждаю, что излагаю сущую правду, а не вымысел или фантазию.

 

Был у меня старинный друг, с которым мы не виделись лет пятнадцать, и не разговаривали по телефону лет десять. Мы жили в разных городах, поэтому нас разобщило расстояние и отсутствие общения.

 

Однажды глубокой ночью я проснулся от какого-то навязчивого беспокойства или чувства тревоги. Что-то (или кто-то?) упорно толкал на то, чтобы позвонил этому другу.

 

Набрал междугородний номер, и тут же трубку подняла супруга друга. Она безудержно плакала и рыдала, на мои приветствия, издавала в ответ нечленораздельные звуки.

 

 Наконец, она сумела спросить, откуда я звоню и как узнал о кончине её мужа. Я был ошарашен. Сумел только спросить, когда это произошло.

 

 

Оказалось, его сердце остановилось минут пять назад. Не веря своим ушам и сомневаясь в том, что это явь, а не продолжение сна, тупо переспросил - правду ли она сообщила или это розыгрыш. Она же снова пустилась в плач и громкие стенания.

 

 Уловив, что всё происходит наяву и спрашивать что-либо у неё в этот момент бесполезно, попытался подобрать успокоительные слова и дать обещание перезвонить позже.

 

Сидя в тысячах километрах от места печального события стал названивать нашим общим друзьям, жившим в том же городе, где умер наш друг.

 

 Спросонья каждый из них в первую очередь был уверен в том, что я звоню из дома друга, переспрашивали, как и когда это случилось, и когда я приехал к нему.

 

Было бесполезно отвечать на эти вопросы, так как они были полусонными тогда, когда наш друг, покинув этот мир, впал в вечный сон.

 

Разбудил массу людей, кое-кто поехал к покойнику, а оттуда перезвонил мне и сообщил уже никому не нужные сведения о последних мгновениях жизни нашего товарища.

 

 А я, сидя в трансе, размышлял о бренности жизни людской и феномене ясновидения.