ЖЫНОЙНАҚ / ПОЛТЕРГЕЙСТ (БЕКЕТ КАРАШИН)
(ойдан шығарылмаған әңгіме)
Бізден төменгі қабаттағы пәтерде тұратын көршілердің үйіндегі кемпір қайтыс болды. Осы бір адам сенбейтін оқиғалар оны жерлегеннен кейін басталды.
Түннің бір уағында біздің үйдің есігін көршіміз тарсылдатып, менің балаларымның секіріп, жүгіріп, шулап ұйқы бермей жатқанын айтып айқайлай жөнелді.
Мен олардың баяғыда ұйқтап қалғанын таңғала айттым. Ол маған сенбеген соң балалардың бөлмесіне кіргізіп көрсетуге тура келді.
Сосын алай-дүлей ашулана төменге түсіп кетті. Бір сағаттан соң ол тағы да есікті ұрды. Ыза болған мен есікті ашып, оны сабасына түсірдім.
Көршім болса есіріктене айғай салып, үйінің қабырғасындағы картиналар құлап, тоңазытқыш орнынан жылжығанын айтты. Суреттердің құлауы мен тоңазытқыштың жылжуы механика заңына қайшы екенін, өйткені оларға тікелей күш жұмсалмағанын айтқан менің сөзім оған түк әсер етпеді.
Ол ойлау қабілетінен айрылып, есі ауысқандай халде еді. Мен көшеге шығып тұрғанымда, ол қолына шам ұстап жертөлені тінтті, бірақ әрине, ешкімді таппады.
Көршінің әр түн сайын бізге келуі жиіледі және барған сайын өшпенділікке ұласты. Мен мұның салдары ауыр үлкен жанжалға айналып кетуінен қауіптене бастадым.
Оның шым-шытырық сөздерінен ұққаным – әрбір түні біздің бе әлде басқа пәтерде ме біреу секіріп ойнақ салады, содан оның әйелінің есі ауысқан, ол еркектің өзін де дені сау деу қиын еді.
Мен оған бұл жағдайдан шығудың бір жолын ұсындым. Балаларды жұбайыммен бірге басқа қалада тұратын менің ата-анама апарып тастаймын, ал өзім кеңседе түнеймін.
Солай еттік те. Ертесіне таң атысымен көршім менің кабинетіме баса-көктеп кіріп келіп тағы да жанжал шығарды. Жынды адамша айқайлаған ол мен киім салатын шкафқа қарындасымды жасырғанымды, оның түні бойы перілермен жынойнақ жасағанын айтты.
Мен онымен бірге үйге тарттым. Біздің пәтерге кіргеннен-ақ ол үйді асқан құлшыныспен астаң-кестең ақтарып, өзі ойлап тапқан әйелді іздеуге ұмтылды. Сәтсіздік оның арынын басқанмен, маған әлі де сенімсіздікпен қарай берді.
Бұл оқиғаға дейін мен жындар мен перілерге де, полтергейст туралы хикаяларға да сенген емеспін. Бірақ бұл жолы осы нұсқаны мойындауға мәжбүр болдым.
Біріншіден, үй бұрынғы зираттың орнына салынған, екіншіден, өзге көршілеріміз марқұм болған кемпірдің дуа жасаумен айналысқанын, сол себепті оның тәнінен ажыраған жаны байыз таппай жүргенін білдірді.
Бір көршіміз жапа шеккен пәтер иесіне священникті шақырып, үйдің ішін қасиетті сумен аластауды ұсынды. Басы қатқан көршіміз мұны да істеді.
Бұдан кейін жындардың шапқыншылығы тоқтағандай болды, алайда біздің тату-тәтті көршілік қатынасымыз мүлде үзілді.
Көршілер пәтерін сатып көшіп кетті, бірақ жаңа тұрғындар да осы бір қарғыс атқан баспанада көп аялдамай, үнемі ауыса берді.
Осы жайттың өзі маған көрші пәтерде бір нәрсенің дұрыс еместігін білдіріп тұратындай көрінетін. Кейін біз де басқа үйге көштік. Қазір сол үйде не боп жатыр екен?
|
(не выдуманный рассказ)
У соседей в квартире под нами умерла старушка. После её похорон началась эта умопомрачительная история.
Глухой ночью в нашу дверь стал барабанить сосед, я открыл дверь, а он стал кричать, мол, дети мои прыгают, бегают, спать им не дают.
Я удивленно констатировал, что они давно уже спят. Он недоверчиво посмотрел на меня, пришлось впустить его в детскую, чтобы убедился в этом.
Спустился к себе удручённо. Через час он снова стал громко стучать в нашу дверь. Я уже возмущённый открыл дверь и строго приструнил его.
Он находился в таком состоянии, что не способен был мыслить. Я вышел на улицу и пока стоял там, он бегал с фонариком и обыскивал подвал, но никого, разумеется, не нашёл.
Из его сумбурных криков я узнал о том, что каждую ночь кто-то бегает и прыгает то ли у нас, то ли ещё где-то, отчего его жена сошла с ума, хотя по нему тоже нельзя было сказать как о здравомыслящем субъекте.
Так и сделали. Наутро сосед ворвался в офисный кабинет и опять устроил скандал. Как сумасшедший, он кричал, что я спрятал в платяном шкафу свою родственницу, чтобы она устраивала по ночам шабаш ведьм.
Я поехал с ним домой. После того как мы попали в нашу квартиру, он с небывалым рвением стал обшаривать её, наверное, пытаясь найти эту вымышленную им родственницу. Неудача его немного остудила, хотя всё равно смотрел на меня недоверчиво.
Во-первых, дом был построен на месте былого кладбища, во-вторых, другие соседи утверждали, что старушка занималась чёрной магией и, мол, потому-то её душа, отделившись от тела, не может найти успокоения.
Какой-то сосед предложил потерпевшим привести домой священника и окропить квартиру святой водой. Незадачливый сосед вынужден был пойти на этот шаг.
После чего нашествия барабашек вроде бы прекратились, но наши добрососедские отношения были разрушены до основания.
Соседи продали свою квартиру и переехали, но новые жильцы тоже особо не задерживались в этом проклятом жилище и часто менялись.
Что даёт мне основание предположить, что не всё в порядке в этой соседской квартире. В другой дом переехали и мы. А что там творится сейчас?
|