А.Улдуз - "ЖАЙ ҒАНА – МЕНІҢ АҒАМ!..." (қаламдас ағам туралы қысқа эссе)
Жоқ, шын мәнінде де, біз шенге бас ұрушылық сезіміне тәрбиеленгенбіз, содан белгілі бір жылдардың мәресіне шыққан кезде мерейтой иесіне мадақтаулар жаудыруға міндетті тәріздіміз және... ол үшін ұнату, құрметтеу да міндетті емес! Осын шен-шекпенге бас ұрудың дәстүрлері өзінің күн тәртібін де әр кімдерге айқын бөліп беріп, сатылай келетін бірізділікті белгілейді, оған сәйкес болмасаң, бұл – тәрбиесіздік болады, ал толықтай сай келсең, өзіңнің жеке «даңқты сәтіңмен» насырға шабады. Яғни мадақтап отырған адамыңды шын ардақ тұту оншалықты қажет те емес, себебі бұл енді шенді мен шекпендіге құлдық ұру емес, оның қарттығын қадірлеу болып шығады, бұл да сол баяғы – жұтаңдық.
Ал мен олай істемеймін! Өзімнің қаламдас ағамды енді мұражай қоймасына тапсыратын мезгіл болғандай түрде жазып отырмаймын! Ондайды біреулер күтпей-ақ қойсын! Ол сондай... егер оны жылы жерге жылы қабырғалар ішіне апарып сүйемелдеп қойып, тағы да аз ғана еңселене тұруға мүмкіндік берсеңіз, сатирик айтқандай, онда оның қолынан алі талай дуниелер келеді... Егер сүйемесеңіз – онда тіпті еркін қыдырып кетеді, онда ағамды жер шарын шарлап іздеңіз: мүмкін Мысырда жүр, пирамидалардың сұлбасынан болашақ туындыларына поэтикалық шабыт көреді, әлде Иранда, ежелгі Түркілердің қалдырған іздерін қарастырып жүрген жерінен ұстаңыз, әлде Германияда кезекті марапаттау сыйлығын алып жата ма, тіпті Астанадан өзінің туған өлкесінің әдебиеті мен мәдениетін дамыту қажеттілігі үшін кезекті көмек алуға қол жеткізу ниетімен жүрген жерінен де табуыңыз ғажап емес... себебі, бұндай рухани мәселелер енді оның өзінен басқа ешкімге де керек емес тәрізді. Ал оған – керек, бұның бәрі де керек! Шіркін, менің қаламдас Ағам!
Солай болды да шықты, мен бұл адамды сүйемін. Өзіме қаны туыс ағамды қалай ұнату қажет болса солай, оған қалай ғашық болу мүмкін болса солай сүйемін… Ал маған ол өзінің рухы бойынша жақын оқырмандардың алдында да, өз алдыңда да қызармау үшін, ең бастысы – осындай таудай талант берген Құдайдың алдында ұялмау үшін – сөз өнерінің не екені туралы түсінігі бойынша жақын. Жазушы – бұл жай ғана мамандық емес, қандай да бір мәртебе емес, толтырылуға тиісті есепшілік шығындардың бағандары емес. Жазушылық – бұл борыш. Бальзак нені айтып еді? Жазбай тұра алмайтын болсаң, онсыз өмір сүре алмайтын болсаң ғана жазушы болуға тура келеді. Ал қайтерсің, ағам екеуіміздің жазбау қолымыздан келмейді. Біз ондайды да... байқап көрдік... ештеңе шықпады!
Ол ең бір күтпеген кезде кенеттен айтуы мүмкін: «Қазір... мен бір сәтке ғана... күте тұр…»… Сосын сартылдаған ырғақ тудырып, ешбір барабаншы қайталай алмайтын бір дүрсілмен... саусақтары пернетақта алаңында алшаңдап кеп берсін, компьютерлік пернетақтаның нәзік сенсорлық түймелері мен сезімтал пернелерін нығыздай шегелеп… Бұлай етуінің себебі, ол – Ағам... ол – түймелері нәзік компьютерлік пернетақта болмаған кездерден бері жазушы болып келеді, ал бұрынғы қол машинкаларының қатты пернелері айқасуды, шабыт төгілген сайын өршелене соққылап ұрғылауды қажет ететін… Сонда әрбір әріптің таңбасы айтақыр далада көшпенділер тұлпарының тұяғындай қағаз бетін ұрғылап, оны ойып түсіп, жосылған із қалдыратын… Міне, менің Ағам – осылай жазады!
Ақын махаббатсыз бола алмайды. Ал менің Ағам – ақын. Ол кісімен кезекті жобаны талқылып кафеде бірге отырсаңыз, ал еліктің лағындай сүйкімді даяшы кофе әкеліп ұсынса, ағам кенет өлең жолдарын жөңкілтіп, енді ырғақтар мен ұйқастардың тілінде сайрап қоя берсін... Оның бұнысы жай ғана, қалайша... әдемі болып шығады, ал қазіргі әлемде сезімді білдірудің биік шыңы–көрермендердің осы маусымда көңілінен шыққан кинофильмге алынған билет екеніне шынымен де сенетін, мүмкін тіпті еркектің аузынан өзіне арналған өлеңді ешқашан естіп көрмеген сұлу даяшының жанарында, кенеттен тек қана ғашық болған қыздардың көздерінде ғана жарқылдап тұратын жұлдызшалар жыпылықтап тұтанып жүре берсін… Міне, махаббаты осылай тудырып ала алады – менің Ағам!
Жазушылардың бір-бірімен жақсы дос болулары сирек?! Ақымақ әфсана! Егер сен әлденеге күйзеліп жүрсең, оған телефон соғудың қажеті де жоқ. Ол пәле-жаланың бос қуысқа айналған зұлым уақытының тасадағы беймәлім тысынан, оны шат-шадыман мерекеге айналдырып, бейнебір өзін-өзі суретке салып алғандай ғайыптан пайда бола кетеді, ресторанға сүйрелейді, достарын шақырып алады, сосын кенет өзіңді ұнататын, қамқоршы, бірге отырудың өзі ғанибет болатын, ақжүрек жандар айнала қоршаған алаңсыз ортада отырғаныңды тіпті де аңғармай қаласыз, ал жарқын өмір бар, оның орталығында достықтың Құдайы Сыйының сыбызғысын сызылтып, пан және сатир (грек мифологиясы бойынша, көңілді бақташы періштелер) оның өзі отырады. Бұл – Менің Ағам. Ол осылай да дос бола алады.
Және сондықтан да мен өз Ағамды әлдебір ескерткішке айналдырғым келмейді, Ағам менде ең кәдімгі, ең тірі, мадақ сөздердің ешқандай гранитімен де, мәрмәр тасымен де қиюластырып жеткізіп беруге келмейтін, олай істесең бүлдіріп алуың мүмкін, ол сондай жарқын жүзді…
Оны өмірін әр жылдарда жеткен жетістіктері мен алған марапаттауларының тәтті қантымен дәмделген немесе табыстарымен тұздықталған құрғақ сандардың тізбегіне айналдырғым келмейді…
Тек қана, оны әлі білмейтін, танымайтындар болса, бір көргенін қалаймын – ол сондай тірі - сондай жанды адам, нағыз Адам!
Жай ғана – менің Ағам!..
АЖДАР УЛДУЗ, жазушы, ақын, режиссёр (Мәскеу)
«Атырау» газеті, 5 қараша, 2013 ж