Атырауда «Мен қазақша білемін!» конкурсының қорытындысы шығарылды
Атырау 16 желтоқсан. ҚазТАГ – Атырауда басқа ұлттар арасында қазақ тілін дәріптеу жобасы аясында өткізілген «Мен қазақша білемін!» конкурсының қорытындысы шығарылды. Жобаның үйлестірушісі академик З. Қабдолов қоры.
Жоба авторы, Қабдолв қорының директоры, ақын Бекет Қарашиннің айтуынша, байқау сәуір айында бастау алып, Тәуелсіздік күні қарсаңында мәресіне жетті. «Мен қазақша білемін!» байқауының бірінші турында қатысушылар қазақтың классиктері мен қазіргі заман жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу, өлең айтуда жарысты. Екінші кезеңде қатысушылар шағын эссе жазулары тиіс болды. Бірақ ең қиыны «Менің Отаным – Қазақстан!» кезеңі болды. Онда қатысушылар тарихи-мәдени мазмұндағы викторина сауалдарына жауап берді.
Конкурсқа Атырау, Күлсары, сондай-ақ Атырау облысының Жылыой, Махамбет және Индер аудандарынан қатысты.
Бірінші орынның жүлдесі- ноутбукты – «Атыраунефтемаш» кәсіпорнының қызметкері Валентина Ешимова жеңіп алды. Екінші орын алған АМУ-дің физика-математика факультетінің студент қызы Анна Захарова бейнекамера иеленді.
Үшінші жеңімпаз, Махамбет ауданының Ақжайық аулының «Қызыл үй» мектебінің 8-ші сынып оқушысы Вероника Лиға цифрлық фотоаппарат бұйырды.
16.12.2010 15:41,Abai.kz ақпараттықпорталы