Автор: Бақытгүл БАБАШ - "Қабдолов атындағы халықаралық марапат табысталды"

       

    Атырауда академик Зейнолла Қабдолов атындағы қор бар. «Теңіз­шев­ройл» компаниясының көмегімен бірқатар мәнді шаралар ұйымдастырып жүр­ген қор жақында «Айналайын, Атырау» атты электронды оқулық шығарды. 

    Сонымен қоса, «Қазақша сайра» деген жаңа жобаны да бастап отыр. Қазақ тілі мен мәдениетін сандық тасымалдаушылар, ақпараттық-әлеуметтік желілер арқылы на­сихаттау, инновациялық технология­лар­ды пайдалана отырып, мемлекеттік тілдің да­муына үлес қосу мақсатын көздеген Қабдолов қорының бұл бастамасы облыс тұр­ғындарының көңілінен шығуда. Жақын­да аталған қор тағы бір игілікті іс жасады. З. Қабдолов атындағы халықаралық мара­пат­ты иегерлеріне табыстады.
     

    Бекет ҚАРАШИН, Қабдолов атындағы қор директоры: 

    – Бұл халықаралық сыйлықты еңбек ар­да­гері, облысымыздың бұрынғы басшысы Оңайбай Көшеков, «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байла­ныс бөлімінің бас менеджері Рзабек Арты­ға­­­лив, бас менеджердің орынбасары Дэ­­вид Мак­кинистер иемденді.  Мұндай ша­ра­лар ал­дағы уақытта да жалғасын табатын бола­ды.

    Автор: Бақытгүл БАБАШ, Атырау         http://alashainasy.kz/