Г. Мирошниченко - «ПОЭТИЧЕСКОЕ БРАТСТВО» - ХАЛЫҚТАР БАУЫРЛАСТЫҒЫНЫҢ ҚӨПІРІ

    2010 жылы халықаралық «Ақындар бауырластығы» байқауына заманауи қазақ ақыны Бекет Қарашиннің «Күз» атты өлеңдер жинағы келіп түскен болатын. Оның өзіндік,  дала еркіндігімен тыныстаған өлеңдері әділқазы мүшелерінің жүректерін бірден жаулап, олар бір ауыздан авторға байқау лауреаты және «Ақындар бауырластығы» халықаралық клубының Құрметті мүшесі атағын берді.

    Бекет поэзиясында философиялық ноталар айқын білінеді: өмір мәнін іздеу, қоршаған әлемді тануға деген талпыныс, адам жанының толғанысы, күреске шақыратын және адам рухын көтеретін әнұрандар мен мінажаттар.

    Автор өзінің рухани энергиясымен, күшімен таңдандыра отырып, оқырманды шексіз кезеңдерге, алыс қияндарға саяхатқа жетелейді, сондай-ақ, өмірде кездесетін кедергілерден шығудың оңай жолын көрсетпейді, керісінше мәселелер мен сауалдар тудыра отырып, оған жауап пен шешімді  оқырманның өзі қабылдауына мүмкіндік береді.

    Оның барлық өлеңдері ой мен әрекеттің субъектісі болып табылатын, осынау өткінші, аумалы-төкпелі заманда лайықты орын мен еркіндік үшін күресетін адамзат жаратылысына арналған.

    Меніңше, Бекет ақын ретінде Ресей және өзге де советтік үкімет елдерін қоса алғанда заманауи ортадан өз шығармашылығына тілектес және сүйсінуші оқырмандар тапты. Өйткені оның өлеңдер жинағы ХХІ ғасырдың орыс халық поэзиясы Антологиясында лайықты орын алды, сондай-ақ, аталмыш жинақ Тула Мемлекеттік Университеті баспасы арқылы шығарылып, ТМД елдерінің ең үлкен кітапханаларын толықтырды.

    Бекет Қарашиннің 60 жылдығы қарсаңында халықаралық «Ақындар бауырластығы» клубы атынан Атыраудың дарынды қазақ ақынына ұзақ өмір тілеймін, алдағы уақытта да бәрімізді өз шығармашылығымен қуанта берсін, ақындар бауырластығы арқылы біздің бауырлас халықтардың мәдениеті мен әдебиетін жақындастыра түссін деген тілек айтқым келеді.

                  «Тула литературная» альманахының бас редакторы  Г. Мирошниченко

     

    ГЕННАДИЙ МИРОШНИЧЕНКО,Академик, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі (Тула қаласы)                     

    «Атырау» газеті, 5 қараша, 2013 ж