МЕН ҚАЗАҚША САЙРАЙМЫН!

    Я ГОВОРЮ ПО-КАЗАХСКИ

    МЕН ҚАЗАҚША САЙРАЙМЫН!

    Мен мектепте оқимын. Мен тоғызыншы сыныпты аяқтайтын кезде, оқу күндерінің бірінде бізге бейнеподкасталардың түсірілімі үшін актерлар іріктеуге арналған кастинг туралы хабарлама берді.

     

    Кейінірек біз кастингтің Академик З.Қабдолов атындағы қор ТШО компаниясының инвестициялық қаражатына жүзеге асыратын «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» жобасының аясында жүргізілгенін білдік.

     

    «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» жобасы «қазақ тілін аса шебер меңгеру» дегенді білдіреді.

     

    Бұл мені қатты қызықтырды, өйткені мен, орыс қызы, кішкентай кезімнен қазақ тілі мен әдебиетін мектепте де, өз бетіммен де үйреніп жүрмін.

     

    Мұның тек маған ғана қызықты болмағанын айтуым керек. Сол кездегі 11-ші сынып оқушысы Наташа мен менің сыныптасым Нұрмұрат та өздерін сынап көрмек болды.

     

    Сынып жетекшісімен ақылдаса келе, біз кастингке баруды шештік.

    Көктемнің жып-жылы шуақты күндері болатын, табиғат ұзаққа созылған қысқы ұйқысынан оянып жатты – шығармашылықтың нағыз дер кезі.

     

    Кастинг басталар алдында менен басқа Атыраудың тұрғылықты емес этностарының өкілдері арасынан үміткерлердің көп болғаны таңқалдырды: орыстар, украиндар, кәрістер, кавказдықтар және басқалар.

     

    Олардың бәрі өзара қазақ тілінде еркін сөйлесіп, әзілдесіп тұрды. 

     

    Осыған қанаттанған біз де достарымызбен бірге болашақ актерлар мен актрисалардың құрама тобына емін-еркін қосылып кеттік.

     

    Нұрмұратпен бірге «Махаббат сөздері» подкастасына қатысуға бел будық.

     

    Шарттары аса күрделі емес екен: сүйікті адамыңа арналған әдемі және жылы сөздерді жазу керек.

     

    Ойымызды жинақтап алып, достарымызбен, ата-аналарымызбен ойласып, талқылай келе, шынын айтсақ, кейбір сөздіктерге де көз сала отырып, біздің ойымызша ең жылы және шынайы сөздер мен ой орамдарын таптық.

     

    Сөйтіп кастингтен ойдағыдай өткенімізді хабарлап, таңдап алған роликке түсу туралы ұсыныс жасаған кезде біздің қуанышымызда шек болмады!

     

    Репетицияның бірінші күні  өте қиын болды және біраз толқыдық. Оператордан басқа, түсірілімнің барлық күні бойы қордың директоры және бейнеөндірістің продюсері Бекет Мұқанәліұлы Қарашин бізбен бірге болды, ол кез-келген жағдайды жеңілдетіп, қажет кезінде жылы сөздерімен демеп отыратынын ерекше атап айтқым келеді.

    Уақыт өте келе түсірілімде бізбен бірге жүргендердің барлығына үйреніп алдық, қызықты, шығармашыл адамдармен таныстық және өзімізді батыл сезіне бастадық.

     

    Түсірілімдер қанша дегенмен оңай еместігіне қарамастан, маған аса жеңіл болды.

     

    Бірінші күннен бастап-ақ мен өзімді өте еркін сезіндім және мені камераның жарығы да, оператор да, біздің шығармашылығымыздың кездейсоқ көрермендері де қымсынта алмады.  

     

    Дәл осы жерде мен камералар, микрофондар мен өзге де атрибуттар енді менің өмірімнің бір бөлігіне айналатынын ұғындым.

     

    Мен облыстық теледидардың қазақша бағдарламаларының дикторы болу туралы шындап ойландым, өйткені осындай ақылды адамдармен жұмыс істеу, жаңа нәрселерді білу, аса құнды ақыл-кеңестер алу қатты ұнады.

     

    Оған қоса, мен өзімді нағыз актриса сияқты сезіндім! Осындай жас бойжеткен үшін бұдан асқан керемет бар ма?

     

    Шынын айтқанда, түсірілімдерді жақсы аяқтаған соң үйреніп қалған жерден кету қатты мұңайтты. Барлығының біткеніне мүлдем сенгім келмеді.

     

    Тағы да дағдылы мектеп күндері, емтихандар, қысқасы, қазіргі жасөспірімдерге тән кәдімгі өмір  басталды.

     

    Бірақ біршама уақыт өткен соң бізді жобаның аяқталуына арналған конференция мен презентацияға шақырды.

     

    Мұнда біз өзімізді нағыз жұлдыздарша сезіндік!

     

     

    Біз сұхбат бердік, қаламыздың танымал адамдарынан құттықтаулар қабылдадық, бізді естелік сыйлықтармен, дипломдармен және роликтердің жазбасы бар дискілермен марапаттады.

     

    Бұл шынында, менің өмірімнің ең бір елеулі оқиғаларының бірі болғанын мойындаймын.

     

    Бүгінде мен он бірінші сыныптың түлегі ретінде телевизиялық журналистика бөліміне түсуге берік шешім қабылдадым.

     

    «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» бағдарламасы маған өзімді өзім табуыма, өмір атты сондай қиын бірақ қызықты және болжап болмайтын «жобада» өзімнің басты «рөлімді» табуға көмектескенін сеніммен айта аламын.

     

    Ал «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» жобасы өсіп, дамып келеді, бұған біз қатты қуанамыз! Мен қордың www.kabdolov.kz сайтын үнемі қарап отырамын, онда екі және үш тілдегі электронды кітаптар, жаңа подкасталар, қазақтың мақал-мәтелдері, әндер, ойындар мен ертегілер кезегімен жарыққа шығып отырады. 

     

    З.Қабдолов қорына және Теңізшевройл компаниясына, барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтқым келеді, олар бізді мемлекеттік тілді үйренуге және құрметтеуге ынталандыра отырып, ғажап мүмкіндіктер мен әдемі әсерлер сыйлайды!

     

     

    Александра Самарцева, Атырау қ. №1 мектебінің оқушысы

     

    Я учусь в школе.  Когда я заканчивала девятый класс, в один из учебных дней нам сообщили о кастинге для отбора актеров на съёмки видеоподкастов.

     

    Как мы узнали позже, кастинг проводился в рамках проекта «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!», реализуемого фондом им. Академика З.Кабдолова  на инвестиционные средства компании ТШО.             


    Проект  «
    Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» в переводе означает «владей казахским виртуозно».

     

    Меня это очень заинтересовало, так как я, русская девочка, с малых лет изучаю казахский язык и литературу и в школе, и самостоятельно.

     

    Надо сказать, что интересно было не только мне. Ученица на то время 11-го класса Наташа и мой одноклассник Нурмурат тоже решили попробовать себя.

     

    Посоветовавшись с классной руководительницей, мы решили пойти на кастинг.

     
    Стояли тёплые весенние деньки, природа пробуждалась от затяжного зимнего сна – самое время для творчества.

     

    Перед началом кастинга удивило то, что кроме меня было много претендентов из числа представителей некоренных этносов Атырау: русские, украинцы, корейцы, кавказцы и другие.

    Все они свободно разговаривали между собой на казахском языке, шутили на нём.

    Вдохновившись этим, мы тоже с друзьями непринужденно влились в эту сборную будущих актеров и актрис. 

     

    Решили с Нурмуратом принять участие в подкасте «Слова любви».

     

    Условия были не сложными: нужно было написать красивые и добрые слова для любимого человека.

    Собравшись с мыслями,  подумав, обсудив с друзьями, родителями, и, честно сказать, посмотрев некоторые словари, мы всё-таки собрали самые тёплые и искренние, на наш взгляд, слова и фразы.

    Какова же была радость, когда нам сообщили об успешном прохождении кастинга и предложили сняться в выбранном ролике!

     

    Первый день репетиций был самым трудным и волнительным. Помимо оператора, на протяжении всех дней съёмок с нами был директор фонда и продюсер видеопроизводства Бекет Муханалиевич Карашин, который, хочу заметить, как никто другой умеет разрядить обстановку и подбодрить добрым словом в нужный момент. 

    С течением времени мы привыкли ко всем, кто был с нами на съемках, познакомились с интересными, творческими людьми и стали чувствовать себя намного увереннее.

     

    Несмотря на то, что съёмки, всё-таки вещь весьма непростая, мне было удивительно легко.

    С первого дня я чувствовала себя буквально «в своей тарелке» и меня не смущал ни свет камер, ни оператор, ни случайные зрители нашего творчества.

     

    Именно здесь я поняла, что камеры, микрофоны и прочая атрибутика теперь, скорее всего, станут частью моей жизни.

     

    Я серьёзно задумалась над тем, чтобы стать диктором казахских программ на областном телевидении, так как мне очень понравилось работать со столь мудрыми людьми, узнавать что-то новое, слушать ценные советы.

     

    Кроме того, я чувствовала себя настоящей актрисой! Что может быть чудеснее для девочки в столь юном возрасте?

     

    Честно говоря, после успешного окончания съёмок уходить с привычных мест было очень грустно. Совсем не хотелось верить в то, что всё закончилось.

     

    Опять начались школьные будни, экзамены, в общем, вся та жизнь, которая присуща современным подросткам.

     

    Но через некоторое время нас пригласили на конференцию и презентацию, посвящённых окончанию проекта. 

    Здесь мы почувствовали себя настоящими звёздами!

     

    Мы давали интервью, принимали поздравления от известных людей нашего города, нас наградили памятными подарками, дипломами и дисками с записями роликов.

    Признаться, это было, наверное, одно из самых значимых событий моей жизни.

     

    Сегодня, будучи выпускницей одиннадцатого класса,  я твёрдо для себя решила поступать на отделение телевизионной журналистики.

     

    Я могу с уверенностью сказать, что программа «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» помогла  мне самоопределиться, найти свою, главную «роль» в нелёгком, но таком интересном и непредсказуемом  «проекте» под названием жизнь.

    А проект «Қ@З@ҚШ@ С@ЙР@!» растёт и развивается, что очень радует!  Я отслеживаю на сайте фонда www.kabdolov.kz, как выходят в свет очередные электронные книги,  новые подкасты, казахские пословицы и поговорки, песни, игры и сказки на двух и трех языках. 

     

     

     

    Хочется выразить огромную благодарность фонду З.Кабдолова и компании Тенгизшевроил, всем организаторам, которые дарят нам бесценные возможности и впечатления, одновременно развивая стимул учить и уважать государственный язык!

     

     

    Александра Самарцева, ученица школы №1 г. Атырау