SOS немесе ТЖ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫП пен САЛТ-ДӘСТҮР / SOS или ОБЫЧАИ И ТРАДИЦИИ В УСЛОВИЯХ ЧП (Б.Карашин)

                                                                                                                  

Қазіргі пандемияның қаупі мен ауқымдылығы соншалық, сан ғасырлық халықтық әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді түбірімен қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Ең алдымен, барлығымыз үйлену тойы, марқұмды жерлеу, ас беру сияқты көп адам жиналатын шараларға байланысты салт-жоралғыға көзқарасымызды өзгертуге тура келеді. Бұл ретте үйлену тойы мен мерекелерді кейінге қалдыруға, тіпті тойламауға да болады, бұл түсінікті жайт.

 

 

 «Қауіп қайдан болса, қатер сонан» демекші, ең қауіптісі – қайтыс болған кісіге байланысты адамдардың көптеп жиналуы... Әлбетте, марқұмды о дүниеге шығарып салмау, оған ас бермеу – күнә екені рас. Бірақ, бір адамның соңынан басқаларды да ана дүниеге жөнелткеннен гөрі күнә жасау анағұрлым кешірімді емес пе! Марқұм болған адам қайтып келмейді, сол себепті өзгелердің де өмірін қатерге тігуге болмайды.

 

Алайда әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміз адамдардың сана-сезіміне сіңгені сонша, олардың түсінігін өзгерту қиын. Сол себепті көпшілікті аман алып қалу үшін бұл процестер Заңмен реттелуі тиіс. Яғни жедел және шұғыл түрде Заң күшіне ие Президент Жарлығын шығару керек, оны парламенттің талқылауы қажет емес, себебі найқалып жүруге уақыт тар. Әзірше оны шартты түрде Жаппай ас беру мен жерлеуге тыйым салу туралы заң деп атайық.

 

 

Ең оңдысы, арнайы мемлекеттік немесе коммерциялық жерлеу қызметінің жұмысын жолға қою қажет, жерлеу кезінде олардың қасында қайтыс болған адамның ең жақын бір-екі туысы болса жетеді.

 

Сонымен бірге, жерлеу рәсіміне қатысуға тыйым салудың ғұрыптық жоралғылар жасаумен айналысатын діни қызметшілерге (молдалар, имамдар, поптар, т.б.) де қатысы бар. Өйткені олардың мұндай рәсімдерге жиі қатысуы олардың өзінің де, айналасындағы адамдардың да вирус жұқтыру қаупін ұлғайтады.

 

 

Осы тұрғыда, меніңше, осындай әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрді (тікелей жерлеуден басқа ғұрыптар, ас беру, т.с.с.) цифрлық технологиялардың жолына түсіріп, онлайн-режімде өткізуге болады және солай болуы тиіс те! Бүкіл әлем қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр, бұны діни салт-жораларға қатысты қолдану да әбден лайық!!! Әсіресе, келешекте де болуы ықтимал індеттер жағдайында мұндай инновациялық тәсіл мен тәжірибе біртіндеп дүниежүзілік сипат алуы мүмкін.

 

Мен енді дін қайраткерлері тарапынан да, діндарлар тарапынан да, азаматтық қоғам мен билік өкілдері жағынан да жойқын шабуылға ұшырайтынымды біліп тұрмын. Бірақ менің осындай қатал әрі тым шетін, тіпті ғасырлық дәстүрді қиратушы сипаттағы ұстанымымның төркіні тым қарапайым әрі қисынды, өйткені ол отандастарымның, әлемдегі барлық адамның денсаулығына қамқорлықтан, даусыз дәлелден туып отыр.

Опасность и масштабы пандемии настолько серьезны, что вынуждают нас кардинально переосмыслить вековые народные традиции и обычаи. В первую очередь, всем нам придется пересмотреть свои взгляды на те обычаи и традиции, которые связаны с массовым скоплением людей, такие как свадьбы, похороны, поминки, праздники и подобные мероприятия. Со свадьбами и праздниками понятно, можно повременить и не проводить их вообще.

 

 

Самые же опасные сборища людей связаны со смертью... Не проводить покойников на тот свет, не справлять по ним поминки, вроде бы грех. Но из двух зол, как правило, выбирают наименьшее. Поэтому, совершить грех более простительное деяние, чем подвергать и обрекать на смерть массы людей! Покойников не вернуть, но нельзя увеличивать опасность отправки других вслед за ними.

 

Но обычаи и традиции настолько сильны и неумолимы, что трудно изменить сознание и чувства людей. Поэтому во имя спасения масс эти процессы должны быть отрегулированы Законом. То есть необходимо в экстренном и срочном порядке издать президентский Указ, имеющий силу Закона, без парламентского обсуждения и принятия, ибо времени на раскачку нет. Назовем его пока условно законом о запрете проведения массовых похорон и поминок.

 

 

В идеальном варианте должна быть налажена работа специальных государственных или коммерческих похоронных служб, в состав которых могли бы на время захоронения присоединиться не более одного-двух самых близких к усопшему людей.

 

Запретом участия в похоронных процессиях следует охватить также непосредственные и контактные обряды и молитвы религиозных служителей (мулл, имамов, попов и др.). Так как их частое участие в подобных мероприятиях увеличивает риск заражения как их самих, так и вслед за ними остальных людей из их окружения.

 В этом плане, на мой взгляд, эти традиции и обычаи (поминки, обряды, кроме реальных похорон) можно и нужно перевести на рельсы цифровых технологий и проводить в онлайн-режиме!!! Весь мир ныне работает в удаленном формате, что вполне применимо и по отношению к отправлениям культовых и обрядовых традиций!!! Такой инновационный подход и опыт в условиях всевозможных будущих эпидемий, может впоследствии стать общемировой практикой.

 

Предвижу яростные нападки, как со стороны религиозных деятелей, так и со стороны верующих, а также представителей гражданского общества и власти. Но моя позиция, несмотря на ее жесткий, крайне необычный и нетрадиционный характер, рушащий вековые устои, продиктована простой формальной логикой, основана на разумных доводах и заботой о здоровье соотечественников и всех людей мира.