Информация о Фонде

    “АКАДЕМИК З.ҚАБДОЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚОР”

     

    «Академик З.Қабдолов атындағы қор» ұраны : «Атырау- Қазақстанның мұнайлы астанасы ғана емес, сонымен қатар Республиканың ірі мәдени орталығы да!»

     

    Қор 2009 жылдың 18 мамырында  тіркеліп, құрылған

     

     

     Ұйым жөнінде ақпарат

     

                                                                  

    Қор - Қазақстанның тіл, әдеби, тарихи, мәдени құндылықтарын  насихаттауға, өлкетану жұмыстарын жандандыруға, әдебиет, мәдениет саласында жүрген жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында құрылған.

    Қордың қызметі- ұлттық тарихымыздың, мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен тіліміздің сақталуына, дамуына, жаңғыруына бағытталған. Жастарды Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық рух беру, әртүрлі шаралар, байқаулар ұйымдастыру арқылы тілге, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту.

    Құрылғанына, өз жұмысын бастағанына тек 2 жыл болғанына қарамастан аталған қор өзінің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға кірісіп кетті: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. 2010 жылы ТШО компаниясының демеушілігімен облыстың өзге ұлт өкілдері арасында «Мен қазақша білемін!» атты жобаны сәтті жүзеге асыра білді. Жоба бәрінен бұрын өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді тереңірек меңгертуге бағытталған. Қоғамдық зерттеулер анкета, сауалнама, талдау- осының барлығы қазақ тілін игеруге деген сұраныстың бар екендігін дәлелдеді, Атырау, Құлсары қалаларымен қоса өзге де аудандарда жүзеге асқан, қатыстырылған  мақсатты топтың құрылуына мүмкіндік берді. Байқау ерекше танымалдылыққа ие болды, тек қолдау құралдары шектеулі болғандықтан (материалдық жағынан) облыстың барлық аудандарын қамту мүмкін болмады.

    Халық арасында ақырғы кезеңдерде сауалнама жүргізу халықтың (тек өзге ұлт өкілдері ғана емес, қазақтардың да) бұл жобаға өте ықыласты екендігін байқатты. Аталған байқауды жыл сайын өткізу туралы осындай сұраныстар мен қызығушылықтар, тілектер қордың 2011 жылғы ТШО компаниясының демеушілігімен грант ұтып алуына мүмікіндік беріп, септігін тигізді. Бұл жұмыс енді ғана басталды, алайда тағы да  көмектің шектеулі болғандығы себпті тек облыс орталығында өткізілетін болып шешілді.

    Егер біз қолдау күтіп отырған Президент қорынан көмек жасалар болса, облыстың Махамбет ауданын да қамтыр едік. Бұл ауданның таңдалып алынуы себепсіз де емес, себебі бұл аудында өте көп өзге ұлт өкілдері орналасқан, көпшідігі қазақ тілін тұрмыстық деңгейде меңгерген, қазақ ұлтының сат-дәстүрін ұстанады. Осы ауданда байқау сәтті жүзеге асырылған жағдайда біз Республикамыздың өзге де аймақтарына үлгі көрсетер едік.

     

     

                                 Қордың қызмет түрлері мен мақсаттары

     

    Қордың негізгі қызметі- жастарға олардың ұлтына, азаматтығына қарамастан материалдық және басқа да көмек түрлерін  көрсету болып табылады.

    •             Жас буынды ұлттық тарих пен мәдениетке, ғылым мен әдебиетке баулу, оларды ұлттық дәстүрге тәрбиелеу мақсатында академик Зейнолла Қабдолов атындағы мұражай ұйымдастыру және қызметін жалғастыру;

    •             әдебиет, мәдениет, тарих саласында жас дарындарға қор жанынан академик З.Қабдолов атындағы жас дарындар үйірмесін ұйымдастыру арқылы көмек көрсету;

    •             З.Қабдолов атындағы сыйлыққа қор сайыстарын өткізу;

    •             Ұлттық, халықаралық және шетелдік қорлар, бірлестіктер,институттар, банктер, корпорациялар,өкілдер қызметіне бірлесе араласу және олармен бірге түрлі жобалар мен бағдарламаларды өткізуге атсалысу;

    •             Билік органдарымен,бизнес-құрылымдармен және МЕҰ-мен біргебағдарламалар өткізуге қатысу;

    •             өлкеміздің мәдениеті мен тарихын білуге насихаттау, өлкетану әдебиеттерін шығару;

    •             халық арасында мәдени-тарихи және басқа да басылымдарды жариялау арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу, шығармашылылық бағдарламаларды жүзеге асыруга атсалысу;

    •             мемлекеттік тілді дамытуға барынша ықпал ету, ұлт тілін трансұлттық компаниялардың, шетелдік кәсіпорындардың қанағаттандырылмаған тіл саясатын қорғау;

    •             өнер және мәдениет қайраткерлеріне мәдени шараларды, концерттік бағдарламаларды, түрлі кештер мен кездесулерді өткізуге көмектесу;

    •             әлеуметтік зерттеулер жүргізу, әлеуметтік құбылыстарды талдау және болжау;

    •             Академик музейінің қызметін жандандыру

    •             Әдебиет, мәдениет саласындағы талантты жастарға көмектесу, шығармашылық жетістіктерге жетуде оларға қолдау көрсету

    •             Қазақ тілінің мәртебесін түрлі байқаулар ұйымдастыру арқылы көтеру

                                                                

         

    ●Қордың қызметтестері – танымал шығармашылық тұлғалар, облыстың және Республиканың қоғам қайраткерлері, жазушылар, аудармашылар, ақындар, қоғамтанушылар, тарихшылар мен философтар.

    Фонд имени академика Зейноллы Кабдолова

     

    Лозунг фонда академика З.Кабдолова: «Атырау не только нефтяная столица Казахстана,  но и крупный культурный центр Республики!»

     

    Фонд  учреждён и зарегистрирован в 2009 году.

     

                

    СВЕДЕНИЯ О ФОНДЕ

     

     

    Основной целью фонда является оказание материальной и иной помощи молодежи, независимо от их национальности, гражданства. 

    •             Организация и деятельность музея имени академика Зейнуллы Кабдолова в целях приобщения молодых поколений к национальной истории и культуре, науке и литературе в целях воспитания их в духе национальных традиций

    •             Помощь молодым талантам в области литературы, искусства, истории, культуры и науки путем организация при фонде кружков молодых талантов имени академика З.Кабдолова

    •             Проведение конкурсов фонда, учреждение премий имени З.Кабдолова

    •             Участие в совместных программах с органами власти, бизнес-структурами и НПО

    •             Всемерное способствование развитию государственного языка, защита национального языка от неудовлетворитеьной языковой политики транснациональных компаний, иностранных предприятий

    •             Пропоганда знаний культуры и истории края, выпуск краеведческой литературы

    •             Популяризация и повышение статуса государственного языка

    •             организация и деятельность музея академика

    •             проведение конкурсов

    •             организация, учреждение и координация деятельности региональных фондов и по развитию культурно-исторического потенциала области, края и Республики

    •             просвещение населения путем издания  работ, отражающих культурно исторические и другие духовные ценности, содействие в реализации творческих программ

    •             участие в совместной деяиельности национальных, международных и зарубежных фондов, сотружеств, институтов, банков, корпорации, посольств и совместная работа с ними в различных проектах и программах

    •             проведение социологических исследований, анализа и прогнозирования социологических явлений

     

    ● Сотрудники фонда –творческие личности, общественные деятели, писатели, переводчики, поэты, социологи, историки, философы,  известные и знаменитые не только в Казахстане, но и за рубежом.

    Наши реквизиты:

    Частный фонд "Имени Академика Зейноллы Кабдолова"

    ИИН/БИН 090540009803
    РНН 151010929663
    КОПФ Ф-д
    Наименование (каз) "Академик Зейнолла Қабдоловтың атындағы" жеке меншік қор