қордың директоры - директор фонда

    Қарашин Бекет Мұқаналіұлы, қордың директоры

     

    ӨМІРБАЯНЫ

    Туған жері, күні : Атырау облысы, Дендер ауданы 12.12.1953

    Өмірәрекетінің  елеулі кезеңдері

    ● 1953-1970 – Батыс Қазақстан облысында тұрды, бірнеше  мектептерінде оқыды.

    ● 1970-1972 Қазақ политехникалық институтінің студенты, АДК жүмыскері.

    ● 1972- 1974 -  Кеңес армиясының әскері. 

    ● 1974-79 – КазМҰУ–нің философия-экономика факультетінін студенті.

    ● 1983 – 1986 – Қазақ ССР-ы Ғылымдары академиясының философия және құқық  институтының аспирантурасында оқыған.

    ● 1979-1997 жылдары КСРО ІІМ-нің (кейіннен ҚР) Қарағанды жоғарғы милиция мектебінің философия кафедрасында дәріс берген.

    ● 1997-2003 – ғылыми-өндірістік  «Мониторинг» ЖШС-нің директорың орынбасары.

    ● 1999-2007 – Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетінің мұғалімі.

    ● 2002 г. – тарихи-әдеби мәдени «Алшы» қорының директоры.

    ● 2009 г. – Академик Зейнолла Кабдолов атындағы қорының  директоры.

    Білімі  - философ:

    ● Казақ  Мемлекеттік Университеті, философия және экономика факультеті (1974-1979); 

    ●Қазақ ССР-ы Ғылымдар Академиясының философия және құқық  институты

      (аспирантура, 1983-1986); 

    ●«Аль-Азхар» институтының деректі кино сценаристері  курстары (Египет, Каир 2005)

    Шығармашылық мамандықтары:

    жазушы, ақын, тарихшы- түркітанушы, киносценарист, әдеби аудармашы, мәдениеттанушы, тіл маманы,  этнограф, саяси-әлеуметтік процестердің талдаушысы.

    Жазушылар Одақтары және әдеби клубтары туралы мәліметтер

    ● ҚР Жазушылар Одағының мүшесі

    ●Халықаралық Жазушылар Гильдиясының мүшесі                                                                                                                                                 

    ● «Жаңа замандас» Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі

    ●Халықаралық «Ақындар бауырластығы»  клубының  Құрметті мүшесі

    ● Халықаралық «Барков клубының» мүшесі

    Шығармашылық туралы жалпы мәліметтері

    ● 20-дан астам  Халықаралық,  Республикалық  әдеби және кәсіби  байқаулар мен сыйлықақылардың иегері, жеңімпазы, лауреаты.

    ● Философия, тарих, әдебиеттану, түркітану, поэтикалық, поэзиялық, прозалық, лингвистикалық және аудармалардың ондаған кітаптың авторы, серіктес авторы;

    ●Республикалық, халықаралық БАҚ-да жарияланған 600-ге жуық мақаланың авторы;

    ●деректі фильмдердің кеңесшісі, режиссері, сценаристі.

    ●Оның шығармалары Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Италия, Болгария, Иран, Түркия, Египет елдері басылымдарында орыс тілімен қатар әлемнің өзге де тілдерінде жарық көрген.

    Өзге де шығармашылық жұмыстары:

    ● «В поисках открытий. Султан Бейбарыс» деректі кинофильмнің консультанты;

    ● «Ежелгі металл өндеу технологиясын қайта жаңарту» деректі кинофильміның режиссёры және сценарийінің авторы;

    ● Облыстық, республикалық, халықаралық гранттар бойынша 30 жобаның авторы әрі орындаушысы;

    ● «Алшы» атты шағын түрдегі скульптуралық жұмыстарының авторы;

    ● Түрлі шығармашылық бақаулардың сценариінің авторы, орындаушысы;

    ● мәдени-жарияланымдық зерттеулер нәтижесінде облыстық, республикалық баспалардағы үнемі берліп жүрген әдеби жарияланымдардың авторы;

    ● Шетелдік сапарлар нәтижелері бойынша облыстық, республикалық БАҚ-дағы жарияланымдар авторы;

    ● Атырау облысының өзге ұлт өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін «Мен қазақша білемін!» жобасының авторы, жетекшісі.

    Қызметі

    Әдеби-мәдени тарихи «Алшы» қорының директоры,

    Академик З. Қабдолов атындағы қордың директоры

    Қоғамдық қызметі:

    ● ҚР Жазушылар Одағының Атыраудағы филиалының орыстілді бөлімнің, аударма секцияларының жетекшісі

    ● Тілдерді дамытуды бақылаудың Облыстық Кеңестің мүшесі

    ● Атырау облысы, қаласының әкімият жанындағы ономастикалық комиссияның мүшесі,

    ● Азаматтық Альянс мүшесі, 

    ●  «Азаматтық Кұрылтай»  Ассоциациясының мүшесі.

    Халықаралық форумдар, симпозиумдар мен конференцияларға қатысуы:

    ● ҚР 1, 3, 5-ші Азаматтық Форумының қатысушысы,

    ●Тегеран, Мазандаран, Гурган (Иран) Каир, Александрия, Луксор (Египет), Стамбул, Астрахань, Баку, Махачкалада  өткен конференциялар мен форумдардың қатысушысы.

    Үкіметтік тапсырмаларды орындауы:

    ● 80 жылдары  Мәскеу қаласында өткен Олимпиада қоғамдық тәртіпті қадағалаушы

    ● Әзербайжан ССР (1989)  Нагорлы-Карабах облысындағы үкіметтік тапсырмаларын орындау

    __________________________________________________________________________________