Тұрсын ҚАЛИМОВА,- «ҰЙЫҚТАП ЖАТЫР, ҰЛЫ АДАМ...»

    20.06.2013 19:01  Атырау облысы Айкын

    0228

    Атырау қаласы Сарыарқа ықшамауданындағы академик Зейнолла Қабдолов тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. 

    Жазушы, ұстаз, филология ғылым­да­рының докторы, Қазақ және Қырғыз Рес­публикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зейнолла Қабдоловтың есімін халық есінде қалдыру мақсатында орна­тыл­ған ескерткіш тақтаның ашылу салта­натында облыс әкімінің орынбасары Шың­ғыс Мұқан: «Елімізде өткен жылдан бері академик З.Қабдолов ағамыздың 85 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде. Сол шаралардың бірінде акаде­миктің туған жерінде тұрған үйіне ескерт­кіш тақта орнату туралы сөз болған еді. Бүгін міне, сол ниет жүзеге асты. Осы шараға қатысып тұрған университет рек­торы Бейбіт Мамраев айтқандай, жолдың арғы бетінде Қаныш Сәтбаев ескерткіші, енді міне жолдың бергі бетінде Зейнолла Қабдоловтың ескерткіш тақтасы ашылды. Қос академик бір-бірімен тілдесіп тұрған­дай... Орталық көшедегі академик ағамыз тұрған үйдің қабырғасына орнатылған белгі атыраулықтарға ғана емес, бүкіл өнер тұлғаларына көрсетілген құрмет деп қабылдау керек» деді.
    Одан кейін академик З.Қабдоловтың досы, облыстың Құрметті азаматы Есен Тасқынбаев пен академиктің шәкірті, фи­лология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп естен кетпес естеліктермен бөліс­ті. 2000 жылы дүлдүл домбырашылар  Ә.Ес­қалиев, Қ.Ахмедияров, композитор И.Жа­қановтармен бірге академик Зейнол­ла Қабдолов ағамыз да туған жеріне келіп, еңбек еткен болатын. Ескерткіш тақта орнатылған үйде академик 2000-2005 жыл­ға дейін тұрды.
     
    Шара соңында Зейнолла Қабдолов атын­дағы қордың директоры Бекет Қа­рашин мен Зейнолла Қабдоловтың неме­ресі Санжар Қабдоловтар халықаралық дәрежедегі марапатқа лайық қайрат­кер­лерді арнайы дипломмен және медальмен марапаттады.
     
    «Зейнолла Қабдоловтың жолын қуған ең үздік шәкірті» номинациясы бойынша академиктің шәкірті Қадыр Жүсіп, «Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытқаны үшін» номинациясы бойынша дүлдүл домбырашы Әзидолла Есқалиев, «Шығармашылық жастарға қолдау көрсеткені үшін» ақын Қойшығұл Жылқышиев, «Бизнестегі жаңашыл жоба­лары үшін» номинациясымен Төкен Та­наұлы, «Зейнолла Қабдолов атындағы қордағы көп жылдық сәтті жетістіктері үшін» номинациясымен Гүлнәр Айтжа­но­ва марапатталды.