Ер Төстіктің жылан Бапы Ханмен оның жер асты ордасында кездесуі- Путешествие Ер Тостика в подземное царство змеиного хана Бапы - Er Tostik meets Bapy, the Snake King in the underground kingdom

Ер Төстіктің жылан Бапы Ханмен оның жер асты ордасында кездесуі

 

***

Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшады, тас бұрщақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айрылады. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді. Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітеді:

  -Біз жер астындағы Бапы ханның жеріндеміз. Жақын жерде оның ордасы болу керек. Жылан Бапы ханның ордасына келгенімізді, мені алысқа қойып, өзің ордаға кіресің. Есікті екі қара жылан күзетеді. Олар ысылдап тұра келеді, одан сескенуші болма, олар Бапы ханның күзетуші қызметкерлері.

    Есіктен кіріп, бөлмеге беттегенде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де қойныңнан кіріп, қонышыңнан шығады.Бұлар – жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады, сен олардан сескенбе.

  Төрге отыра бергеніңде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді. Бұлар Бапы ханның өзі мен әйелі. Егерде бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер асты еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз, - дейді....

Путешествие Ер Тостика в подземное царство змеиного хана Бапы

 

***

Зацепил Шалкуйрык на полном скаку корытом черный камень величиной с юрты. Пополам треснула земля под лошадью. И провалился под землю Ер Тостик вместе с конем.Встал Шалкуйрык на ноги и заговорил человеческим голосом:

    - Мы в подземном царстве змеиного хана Бапы. Здесь поблизости должен быть его дворец. Оставь меня, когда увидишь его. Войди во дворец один. Вход охраняют две черные змеи. Они будут свистеть и бросаться на тебя, но ты не пугайся. Это рабы хана Бапы.

    Когда пройдешь через дверь и войдешь в комнату, подползут к тебе две серые змеи. Они заьерутся за пазуху и вылезут из голенищ. Эти змеи – дочь и сын хана Бапы. Ты их тоже не страшись.

        Когда ты сядешь на пол, к тебе со свистом подвинутся две огромные желтые змеи. Это сам бапы-хан и его жена. Держись с ними смело, иначе потеряешь к себе уважение, и мы не сможем найти дорогу назад, на поверхность земли…

Er Tostik meets Bapy, the Snake King in the underground kingdom

 

***

When Er Tostik’s horse, Shalkuyryk, the Old Tail, galloped across the steppe, one of its hooves hit a black stone as large as a nomad hut. When it did, the earth cracked under the horse and Er Tostik and his horse fell down under the ground for quite a time. Eventually, they stopped. Shalkuyryk stood up on its four legs and spoke as a human,

    “Now we are in the Underground Kingdom of bapy, the Snake King. His palace should be somewhere nearby. When you see him, please leave me and go alone inside the palace. Two black snakes guard the entrance. They will rattle and attack you, but you should not let them scare you. They are slaves of king Bapy.

     When you pass the entrance and come into the room, two grey snakes will come to you. They will crawl to your chest and leave trough your high boots. These snakes are the son and daughter of king Bapy. Do not let them scare you, either.

        When you sit down on the floor, two giant yellow snakes will come up to you, rattling. They are king Bapy and his Wife. You should behave bravely, otherwise they will have no respect for you, and we will never be able to find a way back to the surface.”